Криминалистика

Бұл қолдың функционалдық маңызымен және ондағы май- лытер заттарының болу маңыздылығымен анықталады. Соны- мен қатар, қол алақанының (және аяк табанының) беткі қаба- тындағы биіктігі мен енінің шегі белгісіз кішкене әжімдерге бөлінген папиллярлы сызықтармен аныкталады. Тік сызықты учаскелердегі кейбір папиллярлы сызықтар белгілі бір ұзын- дыққа жеткен кезде иіле отырып күрделі өрнектерді қалыптас- тырады. Папиллярлы сызықтар еш уақытга киылыспайды, бірақ та олар қосылуы немесе айырылып-бөлінуі, сөйтіп әр түрлі түрдегі өрнектерді қалыптастыруы мүмкін. Папиллярлы сызық- тармен қатар алақанның беткі қабатынан тері бедерінің басқа да белгілерін кездестіруге болады. Оларға - флексорлық (иіле- тін) сызықтар, әжім қабаттары және тері саңылаулары жатады. Бүл тері бедерінің ең кішкентай элементтері болып табылады. Жоғарыда қарастырылған алаканның беткі кабатындағы та- биғи бедер іздерінің белгілерімен катар жасанды белгілерді де кездестіруге болады. Оларга зақымданған — тыртық, күйік іздері және т.б. әр түрлі іздер жатады. Криминалистикада код саусағындағы тырнак фалангілеріңде орналасқан папиллярлы өрнек бедерлерінің ерекшеліктеріне аса маңызды көңіл бөлінеді. Папиллярлы өрнектердің құрылымын трасология бөлімінің бірі «дактилоскопия» зерттейді. Папиллярлы өрнектердің криминалистикалык маңызы олар- дың келесідей өзіндік ерекше қасиеттерімен: жекешелігімен, са- лыстырмалы турак,тылыгымен және өзгермейтіндігімен, өзгерсе цайтадан қалпына келетіндігімен, сондай-ақ жіктелетіндігімен анықталады. Бұл касиеттердің барлығы терінің анатомиялык кұрылымымен аныкталады. Папиллярлы сызықтар ананың кұрсағында жаткан баланың даму кезеңінде пайда болып, өмір бойы өзгеріссіз сақталады. Өрнектің өзара орналасуы мен бөліктерінің калыптары өзгер- мейді, тек көлемі ғана өзгереді. Осы тұрақты байланыс трасо- логияда ең қажетті белгі болып табылады. Дерма зақымдалған кезде ғана учаскедегі мүндай өрнектер қайтадан қалпына келмейді. Дегенмен де, бұл кезде пайда бол ­ тан жасанды белгілердің (тыртыктар) өздері папиллярлы өрнек- тердіңерекше белгілері болып табылады. Папиллярлы өрнектердің жекелілігі, бүл өрнекті сипаттай- тын қайталанбайтын белгілер жиынтығынантүрады. Папилляр ­ лы өрнектердің белгілері жалпы және жеке деп бөлінеді. Жал- 96

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==