Криминалистика
шағын көлемді (микро іздер, микро бөлшектер) болуы негізінде пайда болады. Нашар көрінетін немесе көрінбейтін іздерді арнайы жарық- тандыру әдістерін колданып немесе іздің түсуі мүмкін беткі қабатқа әр түрлі затгармен мсханикалық немесе химиялық зерт- теу жүргізу арқылы тауып айқындауға болады. Іздерді табу, бекіту және алу әдіс-тәсілдері іздердің кай категорияға (яғни көлемді немесе беткі қабатты ма, көрінетін немесе көрінбейтін бе) жататындығына байланысты тандап алынады. Оқиға болған жерде ізді іздеп таппас бұрын оның жағдайымен танысу керек. Ол үшін окиға болған жердегі жекеленген заттардың жағдайы мен орналасуын анықтап зерттеу қажет; қылмыскердің келуі мен кетуі мүмкін жолдарын анықтау керек; қандай затгарды қолмен ұстағанын, орнын ауыстырғанын және т.б. мәселелерді шешу кажет. Осы мақсатта көзімен көрушілер мен жәбірлену- шілердің жауаптарын окиға болған жерді шолып қарауының нәтижесінде колданылады. Іздерді табу, бекіту және алудың жалпы ережелері. Көптеген іздер, мысалы: аяккиімнің көлемді немесе боялған іздері, бұзу қүралдарының іздері, көлік құралдарының іздері жай қарау кезінде анықталады. Ал үсак іздерді табу үшін әр түрлі үлкейт- кіш шынылар (лупалар) колданылады. Егер із түсі бойынша қабылдау объектісінің түсімен бірдей болып бірлесіп жатса, оны айкындап табу үиіін жарықфильтрлері, ултракүлгін жарықтан- дырғыштары колданылады. Табылған іздер ең алдымен фотосуретке түсіріледі. Ізді та- былған объектімен бірге, содан соң іздің өзі жеке (детальды, масштабты) түсіріледі. Түсірілім масштаб™ фотосуретке түсіру ережесін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бекіту әдісі ретінде ізді суретке салып алу әдісі колданылады. Салынып алын- ған схемада маңызды белгілерді көрсетуге мүмкіндік береді. Оқиға болған жерді қарау хаттамасына тіркелетін жоспарда іздердіңорналасуы көрсетіледі. Іздерді бекітудін бірден-бір негізгі әдісі тергеу әрекетінің хаттамасында сипаттау болып табылады. Ең алдымен із табыл- ған тұрғын-үй, ғимарат, ашык жерлер, заттар сипатталады, со дан соң іздің бейнеленуіне, табылуына, сакталуына эсер ететін ізді тікелей кабылдаған объектілердің беткі қабатының қасиеті мен жағдайы көрсетіледі. Сонымен катар, хаттамада объектіде іздердің орналасу жағдайы (бірнеше іздер болса, өзара орнала- і 94
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==