Криминалистика
осы іздерді зерттеу аркылы мәліметтерді көлемдірек түрде алуға болады. Мысалы: лайлы жерде қалған көлік құралының про- текторларының іздері және т.б. Беткі қабатты іздер дегеніміз — тығыздығы жағынан шама- мен бірдей (немесе із қабылдаушы объектінің тығыздығы көбі- рек) объектілердіңбір-бірімен катынасқа түсу нәтижесінде пай- да болған іздер. Бұл іздер.көлемді емес, беткі кабатты болып табылады. Мысалы: шыны бетіндегі код саусактарынын майлы іздері, протектордың асфальтга калған іздері, бояу жағылған еден бетіндегі аяқкиімнің іздері. Беткі қабатты іздердің өзі екі топқа бөлінеді : қатпарлану (от слоение) және к,абатталу (наслоение) іздері. Кабатталу іздері - із қалдырушы объекті бөліктерінің із қабылдаушы объектінің бетінде қалып қою нәтижесінде пайда болады. Байланысқа түскен объект беткі кабатта өз белгілерін қалған бөлшектері аркылы бейнелейді. Мысалы: кол саусактарының майлы іздері, қанаған колымен - есік, терезе бетін ұстау нәтижесінде қанға боялған іздердің қалуы және т.б. Қатпарлану іздері - із калды- рушы объект із кабылдаушы объектінің беткі қабатының бөліктерін өзімен алып кету нәтижесінде пайда болатын іздер. Мысалы: бояуы кеппеген еден бетінде аяқкиімнің қалған іздері жәнет.б. Локальды іздер дегеніміз - объектілердің беткі кабатының бай- ланыска түсуі нәтижесінде пайда болған іздер. Мысалы: аяқкиім ізі (көлемді немесе беткі қабатты) мен жер (топырак) бетінің байланысқа түсуі кезінде өзгеріске ұшырауынан пайда болады, бірақ іздің жан-жағындағы беткі қабат өзгерісіке үшырамайды. Перифериялық іздер — керісінше байланыска (контактіге) түсетін объект жиектерінің сыртындағы өзгерістердің нәтиже- сінде пайда болған іздер. Мысалы: сырткы беті шаң болған аяқ киімнен таза еден бетінде кылмыскердің жүруі кезінде шаң аяқ киімнен сырғып түсіп, аяқ киім жиектерінің сыртындағы табан конфигурациясын кайталайтын із еден бетінде калуы арқылы пайда болады. Көріну дәрежесіне байланысты іздер: көрінетін, әлсіз көріне- тін (нашар) және көрінбейтін болып бөлінеді. Көрінетін іздер арнайы әдістерді колданбай-ак қарапайым көзге көрінеді. Әлсіз көрінетін іздер немесе көрінбейтін іздер — із қабылдайтын объектінің түсі тасаланып өзгеруі немесе түскен із көлемінің 93
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==