Криминалистика
Хаттамаға тіркелетін фототүсірілімдерді фотокесте түрінде рәсімдеу кажет. Әрбір түсірілімнің астына тиісті нөмір қойып, қысқаша түсіндірме беру керек. Барлык түсірілімдерге тергеу органының мөрлері қойылып куәландырылады. Мұнда мөртаң- баның бір бөлігі фотосуреттің төменгі шеткі жағына, ал келесі бөлігі кесте парағының бетіне түсіріледі. Фотокестелердің аты болуы керек, онда фотокесте кай тер геу әрекетінің хаттамасына бекітілгендігі және тергеу әрекетінің уақыты көрсетілуі тиіс. Сонымен катар хаттамаға тіркелетін түсірілімге тергуші қол қояды. Егер фотосуретке түсіруді басқа тұлға жүзеге асырған жағдайларда міндетті түрде олардың кол- дары қойылады. Аталған кестелер, оның негативтері пакетке салынып, сәйкес түсініктемелер беріле отырып тергеу әрекетінің хаттамасымен бірге қылмыстық іске қосымша ретінде тіркеледі. Бейнефонограммадағы жөндеу жұмыстары жасалған бейне- фонограмманы пленкі бөліктерімен бірге пакетке салып буып- түйіп және оны мөрлеп, қылмыстык іс материалдарына тіркеу қажет. Сонымен қатар, жүргізілген тергеу әрекетіне сәйкес бей- нежазбаға түсірілген әр бір жеке учаскелер, олардың әр кайсы- сының мазмұны және бейнежазбаны түсіру кезіндегі нақты уақыты хаттамада көрсетілуі тиіс. Тізімге тергеуші өзінің кол- таңбасын қояды. Бейнежазба аяқталғаннан соң оны қарап тек- серу куәгерлердің және тергеу әрекетін жүргізу барысы мен оны түсіруші тұлғалардың катысуымен жүзеге асырылып, хат- тама толтырылады. Жауап алу барысында хатгамаға мүмкін- дігінше бейнежазбаны колдану кезінде жасалған бейнефоно- граммадан басқа да стенофонограммаларды да бекіту кажет. Бүл жауап алынушының әділетсіз берген жауабының нәтижесін дәлелдеуді камтамасыз етеді. Криминалистикалык сараптама жүргізу барысында қолда- нылатын фототүсірілімдер сарапшының зерттеудегі қорытын- ды бөлімінен көрініс табуы қажет және мұнда мінлетті түрде фототүсірілімнің түрі мен оның негізгі жағдайлары көрсетілу тиіс. Сарапшының қорытындысына ұсынылатын фототүсірілім- дер, әдетте арнайы бланкіде фотокесте түрінде рәсімделеді. Әр фотосуреттің астына міндетті түрде анықтамалык қолтаңбалар қойылады. Егер фотосуретте кандай да бір (сәйкес, бірыңғай келетін немесе айыратын және т.б.) белгілер жасалған жағдай- 88
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==