Криминалистика

Көзделген мақсатқа сай бекітудің косымша құралы ретінде дыбысжазбаны қолдану жағдайлары жоғарыда аталған тергеу әрекеттерін жүргізу тактикасында аныкталады. Тергеу әрекеттерінің барысын дауыстандыру мақсатында дыбысжазбасын қолдану әрекеттері, криминалистикада өндел- ген куәландыру сипатындағы процессуальды-криминалистика- лык талаптарды кезектілікпен орындау тәртіптерін сақтай оты- рып жүзеге асырылады. Сонымен қатар, бейнежазбаға байла- нысты жасалған криминалистикалык үсыныстар жүйесіндегі техникалык сипаттағы талаптар сақталуы қажет (мысалы: ды- бысжазбасына басатын жерлерді бөгде шулардан, дыбыстардан сақтандыру кажеттілігі туралы талаптар; микрофонды орнала- стыру жөніндегі койылатын және т.б. талаптар). Тергеушінін жұмысын жеңілдету максатында процессуаль- дык кұжаттарды толтыру кезіндегі қолданылатын дыбысжазба тәсілдері (жауап алу, қарау, тануға көрсету хаттамалары және т.б.) мен іс бойынша бағдарлау сипатындағы дыбыстық ақпарат жинау тәсілдерінің әдетте қолданып жүрген кез келген кызмет саласындағы дыбысжазба кұралдары әдістерінен ешқаңдай айыр- машылығы жоқ. §6. Криминалистикалык фото-, бейне- және дыбысжазбаларын колдануды процессуальды- криминалистикалык рәсімдеу Криминалистикалык фото-, бейне және дыбысжазбалары- ның қорытындылары процессуальды-криминалистикалык рәсімделгеннен кейін ғана тергеу процесіне толық қолданылуы мүмкін. Фототүсірілім қолданылған тергеу әрекеттерініңхаттамала- рында келесі мәліметтер орын алуы қажет: 1) фотосуретке түсірілген объектілер жайлы; 2) қолданылған фотографиялық құралдар (аппараттың типі, объективтің түрі, жарықфильтрінің маркасы және т.б.) туралы; 3) суретке түсірудің тәсілі мен жағдайы, жарықтандыру си- паты және түсірілім уакыты, оқиға болған жердің түсірілім нүктесі кестеде немесе жоспарда көрсетіле отырып хаттамаға бекітілуі тиіс; 4) кажет болған жағдайларда алынған қорытындылар жайлы мәліметтер. 87

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==