Криминалистика

леді. Аталған объектілер міндетгі түрде шолып, түйінді және детальды әдістермен түсіріледі. Куәландыру әрекеті барысындағы фототүсірілім. Куәланды- ру -айыпкерге, сезіктіге және куә мен жәбірленушіге жүргізілуі мүмкін. Фототүсірілімге міндетті түрде олардың денесіндегі ерекше белгілері мен жаракаттары, олардың орналасуы, сон- дай-ак киімдері мен денелеріндегі балшық, топырақт.б. (окига болған жердің бөлігі екендігін куәландыратын) және басқа да іздербекітіледі. Куәландырылатынтұлғатәртіп бойынша, үзына бойын ала отырып және беліне дейін, содан соң ұлғайтқыш са- кинаны қолданып ірі масштабты әдіспен анықталған барлык ерекшеліктері көрсетіле отырып фотосуреткетүсіріледі. Мұнда барлыктүсірілімдер түсті материалдарда жүзеге асырылады. Тергеу кезінде қолданылған фототүсірілімдер тиісті тергеу әрекетінің хаттамасында бекітіледі. Хаттамада келесідей мәліметтер қамтылып көрсетіледі: түсірілім объектісініңатауы, фотоаппарат моделі, объективен маркісі, жарықтандыру түрі, жарыкфильтрі, фотосуретке түсіру тәсілдері және т.б. Түсірілім кезінде фотоаппарат орналасқан нүктелердін реттік нөмірін түсірілген фотосуреттердің кезектілік нөмірімен сәйкес етіп, жасалған жоспар немесе кестеде корсете отырып хатта- маға бекіткен жөн. Тергеу барысында қателіктер кетіп, түсірілген фотосурет- терді кейіннен шығару мүмкін емес болған жағдайларда, ол ту- ралы анықтама жазылады және тергеушінің қолымен куәлан- дырылып, іске тіркеледі. Түсірілген фотосуреттер хаттамада түсіндірме мәтінмен жа- зылып баяндалады. Мәтінде - түсірілім объектісі жүргізілген тергеу әрекетінің атауы, уакыты (айы, күні, жылы), фотосурет тіркеліп отырған тергеу әрекетінің хаттамасы көрсетілуі қажет. Егер түсірілім кезінде ерекшелік белгісін сипаттау үшін сан- дықкестелер қолданылған жағдайларда, түсіндірме мәтінде қан- дай сан белгіленгендігі көрсетілуі тиіс. Мұндай түсіндірмелер әсіресе тушьпен немесе сиямен жазылған мәтіндегі ерекше- ліктер стрелкамен белгіленген жағдайда өте кажет. Түсіндірме мәтін түсірілген суреттің артқы бетіне немесе фотосурет жап- сырылатын қағазға жазылады. Олар мөрленіп, тергеуші немесе анықтама жүргізушінің қолымен куәландырылады. Егер суретті мамандар түсірсе, олар өз қолдарын кояды. Мүмкіндігінше куәгерлердін колдарымен де куәландырылады. 77

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==