Криминалистика
бейнесін көрнекі түрде бекіту және жүргізіліп отырған бұл тер- геу әрекетінің нәтижесін объективтендіру мақсатында фото- түсірілімдер жасалады. Объектілерді жергілікті қоршаған орга ны қамти отырып және жауап алынған тұлғалардың берген көрсетулеріндегі жеке көріністерін кадрға сиятындай етіп ірі көлемде фотосуретке түсірген жөн. Жауап алынған тұлғаның көрсеткен қозғалыс бағытын не- месе онын көрсетулер беру кезіндегі қозғалысын жеке бөлшек- теп панорамалыкәдіспен бекіту қажет. Бірнеше адамның бір жер бойынша берген көрсетулерін сол окиға болған жерде тексеру кезінде жылжымайтын объектілерді кадрға бекіте отырып бір және сол нүктеден фототүсірілімдер жасау қажет. Бұл алынған көрсетулердегі сәйкестік пен айыр- машылықтарды барынша дәлелдеуге мүмкіндік бере отырып, жүргізілген тергеу әрекетінің нәтижесін дұрыс бағалауды жеңілдетеді. Әрбір тұлғаның көрсетулсрін тексеру барысындағы түсірілім нүктелері хаттамаға бекітіліп, схемада көрсетілуі тиіс. Көрсетулерін оқиға болтан жерде тексеру мен нақтылау бары- сында алғашқыда тергеу эксперимента жүргізу және оның нәтижелерін бекіту кезіндегідей колданылатын: бағдарлап, шо- лып, түйінді және детальды түсіру әдістері міндетті түрде қол- данылуы қажет, ал содан соң — метрлік фототүсірілім жасалуы тиіс. Сезіктіні ұстау кезінде түсірілетін фототүсірілімдер: сезікті тұлғалар кылмыс жасау үстінде немесе қылмыс жасап біте са- лып ұсталған; қылмыстың калай жасалғанын көрген куәлер, соның ішінде жәбірленушілер көрсеткен нақты бір адамдар болған; оның денесінен немесе киімінен, болмаса түрғын-жайы- нан кылмыс іздері табылған жағдайларда жүзеге асырылады. Ұстау кезінде келесідей нақты жағдайларға байланысты: ұстау барысындағы объектілердің (тұрғын-жайдың, ғимаратгың, жергілікті жердің, көлік қүралдарының және т.б. сыртқы көрінісінін) жалгіы жағдайы; ұсталған кездегі олардағы заттар (оның түрі және киімдері мен денелеріне орналасу жағдайы); түлғаны үстау кезінде оның лактырып жіберуге әрекеттенген заттары; ұсталған субъектінің денесіндегі, киіміндегі іске ма- ңызы бар іздер; ұсталған түлғаның үстіндегі киімдері (олар ұрлан- ған болуы, болмаса оны куәлер мен жәбірленушілер кылмыс жасау үстінде сол киімімен көруі мүмкін) фотосуретке түсірі- і 76
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==