Криминалистика
Дәлірек айтқанда, табылған кұпия орындар тінту аркылы алын- ған заттай дәлелдемелер, олардың ерекше белгілері, қүнды, ба- ғалы заттар мен қағаздар және т.б. фотосуретке түсіріледі. Іздестіріліп отырған заттабылған күпия орын, окиға болған жерді суретке түсірудің ереже тәртібіндегідей: бағдарлап, шо- лып, түйінді және детальды түсіру әдістерін қолдану аркылы жүзеге асырылады. Ол үшін алдымен құпия орын орналасқан жер — қоршаған ортамен катысты заттарды қамти отырып, со- дан соң кұпия орынның өзі толығымен, ал кажет болған жағ- дайларда оның жеке бөліктері (мысалы: құпия орынның құры- лыс бөлігі) фотоға түсіріледі. Кейбір жағдайларда детальды түсірілімдер де (мысалы: құпия орынның механизмінің ұсак бөлшектері) қажет болады. Аталған түсірілімдер тінту нәтижесін объективтендірудің қажетті кұралы болып табылады. Фототүсірілім тергеу эксперимента жүргізудін жағдайын, онын негізгі кезендері мен нәтижесін көрнекі түрде көрсету үшін қолданылады. Бүл дәлелдеу процесін объективтендіруге мүмкіндік туғызады. Тергеу эксперименты жүргізу аркылы тергеліп отырған окиғанын механизмі, қандай да бір әрекетті жасау мүмкіндігі және т.б. анықталады. Тергеу эксперимент! барысында фототүсірілімді колдану оның нәтижесінің ақиқат- тылығын куәландырып, дәлелдемелік күшін арттырады. Тергеу эксперименты жүргізу кезінде бағдарлап, шолып және түйінді фототүсірілім әдіс түрлері колданылады. Мысалы, адамның объектіге қабырғанын тесіп жарылған тесігі аркылы кіру мүмкіндігін тексеру кезінде - жарылған тесікті жан-жағындағы коршаған ортамен косып, содан соң тесіктің өзін ірі масштабта түсіру керек. Түйінді түсіру тәртібімен эксперименттің жеке кезендері бекітіледі. Мысалы: тергеу экспериментіне қатысу- шы тұлға кабырғаның тесігіне кіру, содан соң ол тесіктен өту кезінде суретке түсіріледі. Ал шолып және түйінді түсіру кезінде эксперименттің түпкілікті нәтижесі, яғни нақты жағдайларда іс-әрекеттердін жасалу немесе жасалмау мүмкіндігі көрсетіледі. Мысалы: тесіктен өтіп шығу кезендері түсіріледі. Кажет болған жағдайларда эксперимент жүргізілетін жерлерді байырғы қал- пына келтіру жұмыстары жүргізілсе, ол жұмыстар жүргізілмес бүрын және жүргізілгеннен кейін де суретке түсіріледі. Айғақтарды окиға болган жерде тексеру мен нақтылау кезінде белгілі бір оқиға болған жер учаскелерін немесе жауап алынған түлғалардың берген көрсетулеріндегі жеке объектілердің 75
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==