Криминалистика

кесілген кескіні бар кара қағаздың парағын салу кажет. Ізді жарықтандырғыш рефлекторына жарықөткізбейтін кара қағаз- дан жасалған конусты кигізу арқылы алынатын сәулені кыры- нан түсіру жолдары ұсынылады. Егер із түссіз материалдарда орналасса, онда оған қарама-карсы жағынан белгілі бір кашық- тықта кара түсті мата немесе қағаз қою қажет. Әйнекте орна- ласкан із өтпелі жарықтыкпен түсірілуі мүмкін. Бұл жағдайда тік түрған ұстағыш арқылы әйнскті бекітеді жәнс оның үстін із үшін кесілген «маскамен» жабады. Із жағынан әйнекке карсы фотоаппарат кояды, карама-қарсы жағынан кара экран, ал кырынан жарыктандырғыш орналас- тырылады. Жарык (сәуле) әйнекке 45 — 60-бұрышта бағытгалады. Қолдың көрінбейтін майлы іздері, оларды ұнтактармен боя- ғаннан кейін немесе репродукциялык түсіру тәртібіндегі әдістермен суретке түсіріледі. Аяқтың колемді іздерін, келік қүралдарынын, бүзу қуралда- рыныц іздерін түсіруге жарықтандырудың екі кайнар көзі қол- данылады. Біреуі фотоаппаратпен қатар, ал екіншісі іздің кыры ­ нан орналастырылып түсіріледі. Біріншісі - іздің накты фор- масын, екіншісі - ізді қалдырушы заттың құрылысының ерек- шеліктерін көрсетуді қамтамасыз етеді. Кырынан түсірілетін жарықтың көзі іздің сызыктық ерекшеліктеріне байланысты перпендикулярлы түрде бағытталады. Ең колайлы жағдай тәжірибелі жолмен тандалады. Өзіндік ерекшеліктердің әр түрлі бағытта орналасуына байланысты жарық көздерін әр түрлі жа- ғынан кою жолымен суретке түсіру керек. Ізді жарықтын бір ғана кайнар көзін пайдалану аркылы да фотосуретке түсіруге болады. Терең іздерде кездесетін артық көлеңкелерді жою үшін ақ кағаздан немесе матадан жасалған жарықтандырғыш экран- дарды пайдаланып түсіреді. Экрандар жарық көзіне карама- қарсы жағынан орналастырылады. Кардағы іздерді сэры неме ­ се сарғыпі-Күңгірт жарык фильгрлерімен кырынан жарықтан- дыру жолымен түсіруге болады. Заттар - ягни, заттай дәлелдемелер — біріншіден табылған жерінде, ал одан кейін қарама-қарсы (контрастылы) түстегі ор- тада түсіріледі. Заттың айналасында көлеңкелердің пайда бол- уын болдыртпау үшін мата немесе қағазды төсеп, мықты қон- дырғылардың көмегімен түссіз әйнектерді белгілі бір аракашық- тыққа орналастырады. Суретке түсірілетін объект әйнектің бетіне койылады. Жазықтықта түсірілетін заттын жанына 73

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==