Криминалистика

сында орналасу жай-күйі жағдайын, денесінің ашық жерлерін және киімін толық бейнелеп көрсетуге аса көңіл бөлінуі керек. Мәйіт коршаған ортасыз екі қарама-қарсы жағынан түсіріледі. Түсіру кезінде фотоаппарат объективінің негізгі оптикалык осі мәйіттің үзына бойлық осіне перпендикулярлы болатындай етіп орналастыру қажет. Сонымен қатар, аппарат объективін томен қаратып мәйітті жоғарғы жағынан вертикальды түсіру әдісі ұсынылады. Мәйіт табылған ғимарат, үй-жай және т.б. жерлер өте тар болған жағдайда, ол панорамалық әдісті немесе кен бұрышты объективті қолдану аркылы түсіріледі. Панорамалык. түсіру әдісі мәйітті бас жағынан беліне дейін, содан соң белінен аяғына дейін жеке-жеке түсіріп, одан бір фотосурет шығаратын екі немесе үш, төрт үзіндіден түрады. Жарақат, күйік, кан іздері, киімінің бүлінуі сияқты сипат- тағы ерекшеліктер миллиметрлік масштабпен ірі көлемде су- ретке жеке түсіріліп бекітіледі. Мәйіт табылған кезде кандай жағдайда (үсті-басы кір, лас, қатып қалған және т.б.) болса, су ­ ретке алғашқыда сол күйінде түсіріледі, содан соц мәйітке әрлеу жұмыстарын (сот-медициналық, мәйітті ерітіп қалпына келтіру және т.б.) жүргізгеннен кейін де суретке түсіріледі. Танылма- ған мәйітті түсіру тануға корсету үшін түсірілетін әдіс- тәртібімен жүзегеасырылады. Танылмаған мәйіттіңсуреті кар- тамен бірге қылмыстык тіркеу органына жіберіледі. Іздер мен заттар - яғни заттай дәлслдемелер олардың табыл- ған жерлері мен орналасу жағдайы, сыртқы кұрылысының жал- пы және жеке белгілері көрсетіле отырып суретке түсіріледі. Бастапқыда оқиға болған жердің белгілі бір учаскесінде шо- ғырланған барлық іздер мен затгар тобы түсіріледі. Елеулі ұзын- дықтағы учаскедегі іздер тобы (мысалы: аяқкиім, көлік қүрал- дарының іздерінің жолы) панорамалак әдіспен түсіріледі. Со ­ дан соң біртекті іздердің ішінсн толық әрі нақты түскен іздер іріктелініп алынып, миллиметрлік масштабты сызғыштың көмегімен жеке-жеке суретке түсіріледі. Нашар көрінетін қолдыц майлы іздерінін фототүсірілімі (әйнек, пластмасса, жылтыр бетті заттарда қалдырылған) қараңғы бөлмеде күңгірт әйнекті фотокамерамен 1:1 масшта- бымен жүзеге асырылады. Крлдың іздері аз форматты аппарат- пен («Зенит») ұзартқыш сакиналарды пайдалану арқылы түсіріледі. Күн сәулесініңзиянды әсерін жою үшін, затка із үшін 72

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==