Криминалистика
§3. Тергеу әрекетін жүргізу барысында фотографиями қолданудың ерекшеліктері Тергеу әрекетін жүргізу барысында фототүсірілімдер өте жиі қодданылады. Фототүсірілім объектілеріне: оқиға болған жердің жалпы жағдайы мен оныңбөлігі, мәйіт, іздер және басқа да зат- тай дәлелдемелер жатады. Тергеу қарауын жүргізу кезінде оқиға болған жерді суретке түсіру. Оқиға болған жердің жағдайын және ол жерден табыл- ған кылмыстық іздер мен басқа да заттай дәлелдемелерді дұрыс әрі толык бекіту тергеу әрекетінде қойылатын негізгі талаптар- дың біріне жатады. Оқиға болған жерді суретке түсіру келесідей тәртіпте орын- далуы тиіс: а) окиға болған жер және оның жекеленген бөлігінің жағ- дайы жөнінде толық мағлүмат алатыңдай көрнекі түрде түсірілуі шарт; ә) оқиға жағдайы барынша толық, әрі дәлме-дәл түсірілуі қажет; б) қажет болған жағдайда түсірілген объектілердің көлемі жөнінде мәлімет бере алатындай етіліп (метрлік және масштаб- ты) түсірілуі тиіс. Оқиға болған жерді түсіру келесідей әдіс түрлері арқылы жүзеге асырылады: бағдарлап, шолып, түйінді және детальды түсіру әдістері. Багдарлап түсіру - оқиға болған жердің өзін ғана түсіріп коймай, сонымен қатар айналадағы оған жакын тұрған объектіні де камтып түсіруге арналған әдіс. Оқиғаның нақты кай жерде болғандығы жөнінде бағдарлап білу мақсатында колданылатын, яғни окиға болған жердегі жылжымайтын объектіні окиғаға, кылмысқа еш қатысы болмаса да айналамен қамтып қоса түсіру әдісі . Мысалы: жол-көлік оқиғасы болған жағдайда окиға бол тан жердегі жол белгілерінің коршаулары, оған жақын орна- ласкан жылжымайтын объектілер коса түсіріледі. Шолып түсіру - бұл оқиға болған жерді коршаған айнала- сынсыз тек өзін ғана түсіру әдісі. Бүл әдісті колдану кезінде фотоаппарат окиға болған жердің толық көрінуіне немесе оның көпшілік бөлігінін көрінуіне мүмкіндік беретін нүктеге катыс- ты орналастырылады. Шолып түсіру арқылы оқиға болған жердің жағдайын анықтауға және орналасқан заттар туралы дұрыс түсінік алуға болады. і 70
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==