Криминалистика
Оқиғаның мәнін анықтау тәсілдері (тергеу бағыты мен анықта- луға тиісті сұрақтар шеңбері туралы, сондай-ақ өрттің болуына кінәлі тұлғалар жөніндегі мүмкін деген болжаулардың сипаты) олардың тексерілуі мен себептерін анықтауға байланысты. Өрттің болу себептерін анықтау үшін тергеу жоспарында объектінің өрт-техникалық сипаттамасы туралы, ондағы өнді- рістік және басқа да әрекеттер жөнінде, өрттін шығу көзі мен болу тетігі туралы және өрт сөндірудің салдарынан болған бұзы- лу нәтижелерін ескере отырып, өрттен болған залалдардың дәрежесін анықтау туралы ақпарат жинау мәселелері карасты- рылуы тиіс. Тергеу жоспарына кіретін және тергеу процесінде аныктауға жататын сұрақтар шеңбері, әдетте өртенген немесе өрт қауіп- сіздігі ережелерін бұзған адамдарды, кінәніңтүрін, қылмыстык іс-әрекеттің ниеті мен мақсатын, олардың арасындағы себепті байланысты, кылмыскердің жеке басы жөніндегі мәліметтерді, өрттің болу нәтижесінде келтірілген залалдардың мөлшері мен сипатын және өрттің болуына ықпал еткен жағдайларды анық- таумен байланысты. Өрт туралы кез келген істі тергеу әдістемесі өртеу фактісін аныктағанға дейін (ал, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу кезінде тергеу біткенше) еңбек қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзу туралы істерді тергеу әдістемесімен үқсас болып келеді. Өртен- ген кездегі өрт коюшылар мен өртеу мақсатын міндетгі түрде анықтау кажеттілігіне байланысты ары карай тергеу жүргізу әдістемесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Бірінші тергеу ситуациялары бойынша өртеу істері келесідей алғашкы тергеу және т.б. әрекеттер жиынтығымен сипаттала- ды: а) өртокиғасы болған жерді қарау; ә) көзімен көрушілерден (куәлардан), жәбірленушілерден, материалды жауапты және өртті сөндіруге қатысқан баска да тұлғалардан жауап алу; б) Төтенше жағдай министрлігінің төтенше жағдай аясындағы мемлекеттік бақылау және кадағалау басқармасының анықта- ма бөлімі материалдарымен танысу; в) сезіктіні іздестіру; г) тінту және куәландыру; д) сезіктіден жауап алу; е) сот-медициналық және өрт-техникалық сараптама тағайындау. Өрт істері бойынша екінші тергеу ситуациясына келесідей әрекеттер жиынтығы тән: а) Төтенше жағдай министрлігінің төтенше жағдай аясындағы мемлекеттік бакылау және кадаға- 495
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==