Криминалистика

Автотехникалыксараптама шешіміне төмендегідей сұрақтар қойылады: — оқиғаның болуының тікелей себебі неде; — оқиғанын болу себебі көлік құралының белгілі бір бөлшегінің жарамсыздығынан болған жоқ па; — оқиға үшін оның мәні қандай болды; — жылдамдықты жоғарылатудың мәнісі қандай болды; — көлік құралының техникалық жағдайы қандай; — тежеу алдындағы жылдамдық қандай болды; — нақты жағдайда қозғалыс кауіпсіздігін камтамасыз ету үшін техникалық жағынан жәбірленуші қандай әрекеттер жасауы қажетеді; — нақты жағдайда оқиғаның алдын алуға болатындай мүмкіндіктер болды ма, егер болса ол мүмкіндіктер кандай; — нақты жол жағдайына байланысты жүргізуші (жолдан өтуші жаяу тұлға) қандай қозғалыс қауіпсіздік ережелерін бас- шылыкқа алуы қажет еді. Автотехникалық сараптаманың ерекшілігі заттай дәлелде- мелердің тергеу әрекеті барысында оқиғаның мән-жайлары бойынша жиналған бастапқы (тежеуіш іздерін өлшеу корытын- дылары, фотосурет және бейнежазба, апат болған жердің, сон- дай-ак көлік құралдарының орналасқан жерінің кестелік жос- парлары) материалдарымен тығыз байланыстылығында. Бұл мәліметтерге зерттеу жұмыстарын сарапшы жүргізген кезде, оны сыни көзқараспен қарастыра отырып тек тергеушінің өзі ғана бағалауы тиіс. Сарапшының құзыреттілігіне тек ешқандай күмәнсіз фактілік мәліметтерді беру ғана жатады. Автотехни- калық сараптаманы тағайындауға байланысты нақты бір ситуа- цияларда сұрактарды қалыптастыру үшін тергеуші міндетті түрде мамандармен кеңесуі кажет. Криминалистикалык сараптамалар көлік құралдарындағы, жәбірленушілердің киімдеріндегі, сондай-ақ басқа да іздердің пайда болу механизмін анықтау мақсатында тағайындалады. Сараптама тағайындамас бұрын келесілер аныкталады: іздердің пайда болу кезектілігі; олардың пайда болу кезіндегі салмақ- тын қай жақка (бағытка) қарай түсуінің бағыты; соктығысу кезіндегі объектілердің өзара орналасуы; көлік құралының қоз- ғалыс бағыты; детальдардын бұзылу және ескіру себептері; көлік кұралдарының протектор калыптары; оқиға болған жерде кал ­ ган лак-бояу заттарының бөлшектері мен детальдары және т.б. 487

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==