Криминалистика

айткан жоқ па; көлік қүралының техникалык жарамсыздығы туралы сөз қозғаған жок па; желікпелік, үшкалақтықтанытқан жоқ па; оқиғаның алдында жүргізушінің әрекеті қандай болды және т.б. Оқиғаны көзімен көруші куәлардан жауап алу барысында келесідей сүрақтар анықталуы тиіс: оқиғаны көзімен-көруші тікелей өзі нені көрді немесе байқады; байқаған сәтінде ол қай жерде болды; қараған бағыты кай жақ; жарықтану мен байкау жағдайы қандай болды; окиға калай болды (оның жеке көрініс- тері); көлік құралының және оны жүргізушінің, сондай-ақ жа- нындағы басқа да тұлғалардың қандай белгілері болды, оның көру жағдайы қандай болды және т.б. Көліктік мекемелер мен ТЖКО кызметкерлеріне - жөндеу сапасына, техникалық қызмет көрсетуге, көлік қүралдарын жол бойына шығару тәртібіне және жүргізушінің жеке басы мен өндірістері тәртібіне т.б. байланысты жауап алынады. Медициналықемдеу мекемелері мен жедел-жәрдем корсету қызметкерлерінен жәбірленушінің өлмей тұрып оқиғаның мән- жайы жөнінде айтқан мәліметтерін алуға байланысты жауап алынады. Берілген категориядағы іс бойынша барынша кең тағайын- далатын сараптама түрлеріне: сот-медициналық, автотехника- лық, криминалистік сараптама түрлері жатады. Мәйітке байланысты тағайындалатын сот-медициналық са ­ раптама келесідей сұрақтарды шешеді: а) мәйіттен табылған жарақаттар көлік кұралдарынан түскен жоқ па, егер көлік құрал- дарынан түссе, қандай көлік құралы түрінен және оның қандай бөлшегі арқылы түсті; ә) өлімнің болу себебі неден; б) жара- қаттың сипаты мен таралып жайылуы қандай; в) жаракаттың пайда болу мерзімі қандай (тірі кезіндегі, өлгеннен кейінгі); г) соғып кету немесе денесін толығымен дөңгелекпен басып өту козғалысы болды ма; д) жарақаттардың пайда болу механизмі қандай (бұл сұрак көзделген мақсатқа сәйкес сот-медицина мен сарапшы-трасологтің қатысумен кешенді сараптама аркылы шешіледі); е) мәйіттегі жарақаттар жүріп бара жатқан көлік құралдарынан жәбірленушінің құлауы салдарынан болған жок па; ж) мәйіттің денесі мен киімдерінде сүйретілу іздері жок па; з) келтірілген жарақаттардың зардабы кандай? Тірі адамдарға сот-медициналық сараптама жүргізу барысын ­ да келтірілген дене жарақаттарының себептері мен оның ауыр- лы^ дәрежелерінің сипатына байланысты сұрақтар анықталады. 486

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==