Криминалистика
дады, окиғаға дейінгі және оқиғадан кейінгі оның және баска да тұлғалардын тікелей әрекеттері қандай болды. Тергеушінің колында бар мәліметтерге байланысты куә, сезікті, немесе айыпкер ретінде тұлғалардан жауап алынады. Жүргізушінің берген жауаптарына сынай каралуы керек. Кел- тірілген зардаптардың ауырлығына байланысты олар болған оқиғаны дұрыс кабылдамауы, бағаламауы, болмаса әділетті түрде шатасулары немесе қасақана жалған жауаптар берулері мүмкін. Мүнда тактикалык тәсілдерді, ұйымдык-техникалық қүралдар мен жабдықтарды, әдістерді пайдалана отырып жауап алуға тиянакты түрде дайындалу қажет. Жауап алу кезінде кейде көлік оқиғасының механизмі мен жеке кезендерінің бейнесін көз алдына келтіріп елестету қажет- тілігі туындайды. Мүндай жағдайларда көлік құралдарының магнитгік модельдері мен портативті металдық планшет (экран аркылы) көмегімен модельдеу тәсілдері колданылады. Модель- деу тәсілінің карау кезіндегі тек объектілердің жағдайларын гана бекітетін фотосуреттерден, схема, жоспар, сызбалардан ерек- шелігі планшегтің көмегімен оқиғаңың жеке кезендеріндегі қозғалысты көз алдына келтіріп еске түсіруге, сондай-ақ окиға- ның механизмін қайта қалыптастыруға мүмкіндіктер туғыза- тындығында. Модельдеу тәсілі, әсіресе жедел-тактикалық мақсатта окиға- ның механизмі мен жағдайына талдаулар жасау (жауап алу әрекетгерін жүргізу, болжаулар кұру, сараптамаға материалдар- ды дайындау мен жіберу және жедел-іздестіру жүмыстарын жүргізу бағыттарын анықтау) үшін өте қажет. Жәбірленушіге шамамен койылатын сұрактар: ол оқиғаны қабылдауға қиындықтар туғызатындай физикалык жетіспеу- шілік зардабын шеккен жоқ па; оқиға болған сәтте оның қайда болғандығы; қайдан келе жаткандығы және қандай бағытқа карай қозғалғандығы; оның козғалыс жылдамдығы мен жүргізу- шінің әрекеті қандай болғандығы туралы; көлік құралы (онын моделі, түсі, нөмірі және т.б.) оның есінде ме; көлік құралы- ның жүру жылдамдығы қандай болды, рөлде кім отырды, баска да жолаушылар болды ма деген сұрақтар қойылады. Жолаушы- лардың арасындағы жәбірленушілерден жауап алу кезінде мы- надай сүрактарды аныктап алу кажет: көлік жүргізу кезінде жүргізушінің қөңілі әңгімеге бөлініп кеткен жоқ па; ол шар- шап, болмаса ауырып, жағдайының болмай тұрғандығы жөніңде 32-846 485
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==