Криминалистика
міндетті түрде ескере отырып бухгалтерлік есепті психология- лык процесс тұрғысынан карастыруы керек. Кылмыстық істі тергеу кезінде кұкықбүзу әрекеттері анық- талған сәттен бастап мекемеге тексеріс жүргізген тұлғалардан жауап алынады. Бұл түлгалар ревизорлар мен аудиторлар болуы мүмкін. Олардан жауап алу аркылы қылмыстың жағдайы мен кұқық бүзушылықтың мәнін аныктауға болады. Көрсетілген тұлғалардан жауап алу айтарлыктай қиыншылықтарға әкеп соқ- тырмайды. Олар қылмысқа мүдделі емес болғандыкган дүрыс көрсетпелер береді. Жауап алынатын тұлғалардың кәсіби даяр- лығын ескере отырып, тергеуші жіберілген кұкык бұзушылық- тарды анықтау мақсатында барынша олармен жаксы қарым- катынаста болуға тырысуы қажет. Жоғарыда аталған түлғалармен катар бухалтерлік кызмет- пен байланысты тікелей шаруашылык есеп және есепшілік қызметін аткаратын (кассир, коймашы, экспедиторлардан, дүкеншілерден, әр түрлі алғашқы құжаттарды толтырушылар- дан және сол сиякты басқа да) тұлғалардан жауап алынады. Жауап алынбас бұрын мекеменің бухгалтерлік есеп жүргізу- дегі есеп беру; тауарлы-материалды кұндылықтарды кабылдау, сактау және өткізу; кассаға түсетін акшалай түсімдердің орын- далу тәртіптері; сондай-ақ ресми емес құжаттардың болуы мүмкін делінген жерлер (орындар) анықталады. Көбіңде бұл куәлардың басым көпшілігі кылмысқа мүдделі болмағандықтан дұрыс әрі әділ жауап береді. Бірақ олардың арасыңдағы кейбір тұлғалар іске мүдделі адамның ықпал етуіне, иландыруына байланысты немесе онымен өзара келісім жасап жеке бір кажетті фактілерді бүрмалаулары мүмкін. Кажетті мәліметтерді — мекемеде жұмыс істейтін тікелей шаруашылык (өндірістік) кызметатқаратын немесе оған қатыс- ты басқа да түлғалардан алуға болады. Олар: хатшылар, жүргізушілер, жүк түсірушілер, күзетші, өндірісшілер т.б. Атал- ған тұлғалардың көмегімен шаруашылык операция жүргізу жағдайының жалғаидығы (өткізілген тауар саны, оны тиеу және түсіру, тасымалдау жағдайы) аныкталады; мекемедегі шын мәнінде жүргізіліп жаткан операциялар (тізімге кіргізілмеген тауарлар, шикізаттар өндірістер және т.б. мекеменің қоймасын- да сақталуы мүмкін) әшкерленеді. Бұл катеториядағы куәларға мүдделі тұлға жағынан қысым көрсетілуі ықтимал. Сондықтан да олардан жауап алу әрекеті тергеудің бастапқы сатысында жүргізілуі тиіс. 459
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==