Криминалистика

Көбінде алынған мүндай мәліметтер, яғни ресми емес есептік кұжаттар осы немесе басқа да қаржылық-шаруашылық опера- циялардың нақты мағынасы мен көлемін анықтауға мүмкін- діктер береді. Бұл кұжаттар ресми емес есеп мәліметтерін бух- галтерлік есептілік мәліметтермен салыстыруға мүмкіндік ту- ғызады. Тінтуді жоспарлау және оны жүргізу кезіңде ресми емес есеп құжатгарын да ескеру кажет. Себебі ол есептілік материалды — жауапты тұлғаның өз ойы бойынша бақылау және өзін-өзі тек- серу максатында жүргізетін әрекеттері болып табылады. Ресми емес құжаттарға дәптердегі, парақтар мен қағаздардағы, жазба кітапшаларындағы, үстелдік күнтізбелердегі және т.б. жазба- лар жатады. Бухгалтерлік ресми кұжаттардан табылмаған: қызмет көрсе- ту, қоймаға түсірілген тауар, тауарды сату және т.б. туралы мәліметтер ресми емес есеп қүжатгарынан көрініс табуы мүмкін. Белгілі бір уакыт кезеңіндегі қаржылык-шаруашылық опе- рациялар көрініс табатын ресми емес есептік жүйелендірілген және алынған құжатгар аркылы мекеменің каржылық-шаруа- шылық әрекеттері жөнінде (ресми құжаттар жоғалып немесе бухгалтерлік есеп мүлдем жүргізілмеген жағдайдың өзінде) дәлелді көрсетпелер алынуы мүмкін. Тергеуші ресми емес кұжаттармен жұмыс жасау барысында алдымен, олардың іске тиістілігі мен катыстылығын аныктап алуы тиіс. Ресми емес құжаттарда ешкандай реквизит болмайды, олар еш жерде тіркелмейді, құжатта оны толтырған тұлғаның қолы койылмайды және т.с.с.. Тінту тек мекеме орындарына ғана жүргізілмейді, сонымен қатар, жеке меншік жер учаскелеріне де, тұрғын-жайларға (соның ішінде — саяжай, саябақ, монша, көлік құралдарына және т.б.) жүргізіледі. Тінту жүргізудің максаты тек құжаттар- ды, дискет, диск, компьютерлерді іздестіру ғана емес, сондай- ақалғашкы жазылған әр түрлі жазбаларды тауып алу. Құнды мүліктерге тоқтам (арест) салудың маңызы ерекше. Келтірілген шығындардың орнын толтыру тергеу тәжірибе- сіндегі негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Қылмыстык әрекеттермен жасалған материалдык шығын- дардың орны көбінде толыктырылмайды. Жауап алу - әрекеттері заң бойынша барлық жағдайларда жүргізіледі. Тергеуші қылмыстың экономикалық маңызын 458

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==