Криминалистика

шаруашылык әрекетгері жасалған шартгар, сату және сатып алу бағалары, бухгалтерлік есеп мәліметтері, қаржылық қорытын- дылар туралы ақпараттар алынуы мүмкін. Компьютерлерде — шарт мәтіндері, іс жазбалары, бұйрықтар, тапсырыстар, жар- лықтар мен окиғаға қатысты басқа да құжаттар сақталуы ықти- мал. Тергеуші қарау әрекеті барысындағы кестелік және компьютерлік ақпараттарды зерттеу үшін мамандардың көмегін пайдаланады. Барлық уақытта қажетті қүжаттар толық алына бермейтін- дігін міндетті түрде ескеру керек. Себебі сезікті тұлғалартексері- летін акт құжаттамаларының мазмұнын білетін болғандықтан құжаттарды жасыруға немесе олардың көзін түпкілікті жоюға байланысты әр түрлі шаралар колданып тергеуге карсы әрекет- тер жасайды. Алу әрекеті кейбір ситуациялық жағдайларға байланысты тінту әрекетіне ұласып кетуі мүмкін. Мұндай жағдайларда тер- геуші іздестіру жұмыстарын объектінің өзінде емес, сезіктінің серіктестеріне, мекемелерге, тасымалдаушыларға, сатып алушы- ларға (келісім-шарт, кіріс және шығыс құжаттарына); банктер- ге (занды және жеке тұлғаларға қызмет көрсететін), сезіктінің жеке сейфі болуы мүмкін жерлерге, мемлскеттік мекемелерге - салық комитеттеріне, кеден, әкімшілік, қонақ үйлерге және т.б. (қаржылық есептілік, құрылтай құжаттарына) жүргізуі кажет. Тергеудің бастапкы сатысында ресми құжаттарды, алғашкы жазбаларды, сондай-ақ сезіктінің қызметімен байланысты: әр түрлі жазбаларды, телефон немірлерін, азаматтардың аты- жөндері мен басқа да кұжаттарды табу және алу үшін тінту әрекеті жүргізіледі. Алынған мүндай мәлімет корытындылары барлық жағдайларда нәтижелі бола бермейді. Сондықтан да тінту әрекеттері кажетті қүжатгардын нақты табылуы және алы ­ нуы мүмкін жерлерге ғана жүргізілуі тиіс. Тінту орны алу әрекеті жүргізілген ғимарат болуы мүмкін. Тәжірибеде көрсеткендей көбіне тінту әрекетін сезіктінің(бас- шының, бухгалтердің) гараждарына, саяжайлары мен қосымша ғимараттарына, автокөліктеріне және басқа да тұрғылыкты жерлері бойынша жүргізген тиімдірек болып табылады. Тінту барысында - бастапқы жазылған жазбалар, ресми емес есептік құжаттамалар, мазмүны түсініксіз, өзгертілген, химия- лык өндеулер арқылы өшіріліп, қырылған, қосып жазылған кұжаттар алынады. 457

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==