Криминалистика
Бірінші ситуацияда міндетті түрде тосыннан (күтпеген жер дей) әрекет ету факторын қолдану қажет. Тергеудің мақсаты тек қыл.мыскерлерді ұстау ғана емес, сонымен катар, олардың кінәлілігі жөніндегі дәлелдемелерді алу. Тергеу келесідей тергеу әрекеттерін жүргізуден басталады: қылмыскерді қылмыс үстінде үстау; оқиға болған жерді карау; ұсталғандарды (сезіктілерді) тінту; оқиға болған жерден алын- ған объектілерге зерттеу жүмыстарын жүргізу; сезіктілер мен куәлардан жауап алу; мүліктерді пайдалануға тоқтам салу; құжаттарды тексеру ревизия немесе аудит тағайындау және т.б. Екінші ситуацияда жүргізілетін тергеу әрекеті сезіктіге мәлім болғандықтан, бүл жерде тергеушінің мақсаты жеткіліксіз дәлелдемелерді алу болып табылады. Мүндай ситуацияда эре- кет ету барысы мен кезектілігі мынандай түрде: сезіктілерге катысты бұлтартпау шараларын қолдану; сезіктілерден жауап алу; беттестіру әрекеттерін; ғимараттарға, үй-жайларға тінту жүргізу; құжаттарды алу және қарау; қаржылык және шаруа- шылықесептерді, мүліктерді пайдалануға тоқтам салу; қосым- ша немесе кайтадан ревизия, аудит тағайындау, сараптама та- ғайындау аркылы жүзеге асырылуы тиіс. Тергеудің бастапкы кезеңінде ғимараттардағы ситуацияға байланысты әр түрлі сала мамандарын тергеліп отырған іске қатыстыру кажетгілігіне; тұлғалардың, іс бойынша келген аза- маттардың жеке басын корғауды камтамасыз етуге; сондай-ақ, бұлтартпау және баска да шараларды ұйымдастыру сипатын- дағы көптеген мәселелерге байланысты тергеу немесе жедел- тергеу топтарын күру кажеттілігі туындауы мүмкін. Тергеушілер өзінің ішкі сезім нанымы негізіне сүйене оты- рып: қылмыстын жасалу механизмі мен жасалу тәсілі жөнінде, оның көлемі (карқыны) және оған катысушы тұлғалар туралы; олардың әркайсысының аткарған рөлдері туралы; каржыны, мүлікті иелену әрекеттері басқа кандай қылмыстармен ұштаса- тындығы немесе байланысатындығы жөнінде, сонымен катар, тергелетін іске карсылық әрекеттерін кім және калай жасауы мүмкіндігі жайында байланысты болжаулар жасауы кажет. §5. Жеке тергеу әрекеттерінің тактикасы Алу және тінту — бүл тергеу әрекеттері көп жағдайларда дәлелдемелік мәліметтері бар қаржы-шаруашылық кұжаттар- ды іздестіру максатында жүргізіледі. 455
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==