Криминалистика
соның ішінде, бөтеннің мүлкін иелену немесе ысырап ету қыл- мыстарын тергеу мен ашу үшін жедел сипатгағы әр түрлі, атап айтсақ, сұрау психологиялык жағынан анықтамалар жүргізу, жа- сырын камералар аркылы бақылау жасау, телефон жүйелерін, пошта байланыстары мен факстік ақпараттарды, интернетгерді бақылап тындау әрекеттері қолданылуы мүмкін. Мұндай тек- серістер жүргізу арқылы талан-тараждың жасалу әдістерін анықтауға мүмкіндіктер туады. Егер жүргізілген тексеріс әрекеттері нәтижесінде материал- дык кұндылықтардың жеткіліксіздігі немесе артықтығы тура- лы; тауарсыз келісім-шарттар жасау; каражатгы көзделген мак- саттан тыс жұмсау; еңбек ақыларын төлемеу; бухгалтерлік есептің бұзылуы; бухгалтерлік және баска да кұжаттардың жал- ғандығы жөнінде мәліметтер алынса, бүл жағдайлар кылмыс- тық істі қозғаудың негізі ретінде қарастырылады. Сонымен катар, азаматтардың табатын табыстары олардың өмір сүру жағдайына сәйкес келмеуі де кылмыстық істі козғау- дың негізі бола алады. §4. Типтік ситуациялар және тергеудің бастапқы кезені Тексеріс әрекеттерінің материалдары (бұлар - рапорттар; азаматтардың арыздары; бейне-басылымдары мен дыбыс жаз- баларының кассеталары; ревизия актілері; аудиторлық қоры- тындылар; ревизия немесе аудит жүргізу барысында алынған кұжаттар және т.б. болуы мүмкін) прокурорға немесе тергеу органдарына жіберіледі. Бұл материалдар мұқият зерттеледі және белгіленген мәлі- меттер дәлелді болған жағдайларда кылмыстық іс козғалады. Бастапкы тергеу кезеңінде шамамен мынандай типтік бол- жаулар жасалады: кұндылықтарды иелену әрекеттері жасалды ма, әлде жасалған жок па; бухгалтерлік есеп жүргізу ережеле- рінің бұзылуынан қылмыстық салактылык көрініс табады ма, әлде жоқ па; лауазымдылық қызметін пайдалану әрекеттері жасалған кылмыстан орын алады ма, жок па және т.б. К.ылмыстық іс келесідей екі ситуацияда қозғалуы мүмкін: бірінші ситуацияда - жабық түрде жүргізілетін тексеріс әрекеттері туралы сезіктілердін ешқандай хабарының болмауы. Екінші типтік ситуацияда - сезіктілердін жүргізілетін тексеріс жэнінде хабардар болуы. 454
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==