Криминалистика

тартуға; аудит жүргізу әдістерін өз бетімен аныктап белгілеуге құқықтары бар. Аудитор тексеріс нәтижелері бойынша жасаған қорытын- дыларын шартқа отырған субъектілерге немесе аудитті таға- йындаған құкық қорғау органдарына жібереді. Кұқык қорғау органдарының бастамасы бойынша жүргізі- летін ревизиялық және аудиторлықтексерістер қылмыстық істі қозғау, сондай-ақтергеудіңбастапқы және кейінгі кезендерінде де жүргізілуі мүмкін. Істі қозғау кезеңінде жүргізілетін реви ­ зия және аудит қылмыстық істі козғау немесе токдатуға байла- нысты нақты бір шешім кабылдаудың негізі болып табылады. Тексеріс әрекеті кезеңінде және тергеудің бастапқы, кейінгі кезендерінде ревизия және аудиттің көмегімен алынған мәлі- меттер дәлелдеме ретінде қолданылады. Құқық қорғау органдарының бастамасымен жүргізілетін ревизия, аудит - бастапкы, қайталама, қосымша болуы мүмкін. Тергеудің барысында жүргізілетін бастапқы ревизияны та- ғайындаудың негізіне төмендегілер жатады: • тергеліп отырған іс бойынша жоспарлы ревизияның жүргі- зілмегеңдігі туралы мәліметгердің болуы; • айыпкердің негізді (дәлелді) өтініштерінің болуы; • айыпкердің басқа ұйымдармен қылмыстық байланысының (ашылуы) мәлім болуы. Қосымша ревизия және аудит бастапқыда анықталмай кал ­ ган сұрақтар бойынша жүргізіледі. Қосымша ревизия және ауди- торлықтексеріс тағайындаудың негізіне келесілер жатады: бас- тапқы ревизия мен аудиторлықтексеріс қаулысындағы бір және сол объектілер бойынша қосымша сұрақтар қоюға немесе олар- дың туындауына байланысты косымша объектілерді жіберу. Жедел-іздестіру қызметкерлері ревизия, аудит тағайындау кезінде бухгалтерлік құжаттамалардың өзгертілуі туралы мәлі- меттерге аса көңіл бөле отырып қылмыс жөнінде негізгі бол- жаулар жасаулары тиіс. Кайталама ревизия мен аудит жүргізу үшін қандай да нақты бір негіз болуы керек. Қайта жүргізу себептеріне — кұзыреттілігі жок маманның қатыстырылуы, зерттеу жұмысының үстірт жүргізілуі, қорытындылардың тергеу және жедел тексерістер материаддарына сәйкес келмеуі, т.б. жатады. Жабық түрде жүргізілетін тексеріс әрекеттері заң талапта- рына сәйкес жүргізілуі кажет. Экономикалық қылмыстарды, 453

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==