Криминалистика
тергеушілердің тапсырмалары бойынша ревизиялық және аудиттік тексерістер жүргізіледі. Тексерілетін әрекеттер кылмыстық істі қозғауға немесе оны кыскартуға сәйкес негіздер беруі қажет. Жоғарыда көрсетілген негіздер болған жағдайларда қылмыстық істі қозғауға жеткілікті негіздер алу үшін көбінде тергеу әрекеттері жүргізілмес бұрын, тергеуге дейінгі тексеру жұмыстары жүргізіледі. Бүл тексеру әрекеттері — ашық немесе жабық түрде жүргізілуі мүмкін. Ашық тексеру жұмыстарын — экономикалық және корруп- циялық қылмыстармен күрес жүргізу бойынша жедел-іздестіру қызметкерлермен бірлесе отырып мамандар, ревизорлар неме се аудиторлар жүргізеді. Оларға мынандай қүзыреттілік берілген: меншік түріне карамастан кез келген ғимараттарға еш кедергісіз кіру; меншік иесінің және куәгерлердің катысуымен өндірістік ғимараттарға (көлік құралдарына, цех, қойма және т.б.) карау әрекеттерін жүргізу, куәгерлердің катысуымен каржы-несие операцияларына, тауарлы-акшалай операцияла- рға, технологиялық процедураларға катысты қажетті құжатгар- ды алу; ғимараттарды, кассаларды, коймаларды, сактау орын- дарын мөрлеп жауып кету; материалды жауапты адамдар мен лауазымды және баска да түлғалардан түсініктеме алу; инвен таризация, сондай-ақ ревизия немесе аудит жүргізу талаптарын қою құқыктары берілген. Инвентаризация дегеніміз (латын тілінде «inventarium» - «мүлікті каттау») - мүліктің, акша каражатының сакталуын, өзара есеп айырысудың дұрыстығын тексеру. Инвентаризация — бұл бухгалтерлік есептің тәсілдерінің бірі болып табылады. Дегенмен де ол тергеу тәжірибесінде кеңінен қолданылады. Ұрлық және шабуыл жасап тонау қылмыстарын, сондай-ак экономикалық кылмыстарды тергеу кезінде міндетті түрде инвентаризация жүргізіледі. Инвентаризация ұрлықжәне шабуыл жасап тонау қылмыстарына байланысты оқиға болған жерді қарап біткеннен кейін, дереу түрде жүргізіледі. Ал эко- номикалык кылмыстар бойынша инвентаризация - тексеру әрекеттері кезеңінде, болмаса тергеудің бастапқы немесе кейінгі кезендерінде де жүргізілуі мүмкін. Инвентаризация жүргізу аркылы тауарлы — материалдық құндылықтардың жағдайы және олардын сапасы, ақшалай қаражаттар мен құнды қағаздардың бар-жоғы аныкталады. Инвентаризация жүргізу үшін комиссия күрылады, олардың күрамына міндетті түрде материалды жау- 450
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==