Криминалистика

ішімдік ішпейтін, есірткі заттарды пайдаланбайтын аса тәртіпгі жандар. Сонымен қатар бұл тұлғалар - пайдакүнем, сараң, үнемшіл және өте сақ, ал интеллект жағынан жоғары білімді болғаныменде арсыз болып келеді. Ысырап ету — бұл категориядағылардын психологиялык портреті, яғни ой-өріс, мінез-құлықтары мүлдем өзгеше, нақты айтқанда: олар жеңілтек, менменшілдігі басым, кәсіби қабілеті төмен немесе мүлдем жок, талдап-саралау дегенді білмейтін адамдар. Жас және жыныс жағынан - бүлар көбінде кызмет бабыныңөсуін, жоғарылауын таныс-тамыр арқылы жасаған, өз тәжірибесі аз немесе жоқ, жасы әлі кемелдене коймаған ер адам ­ дар. Иелену жолымен жасалатын бөтен мүлікті ұрлау қылмыс- тарын тәсілдері бойынша төмендегідей екі түрге бөліп қарас- тыруға болады: — мүлікті үрлауды карапайым жолмен жасау; — инсценировкалау жолымен жасау. Өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті карапайым жолмен ұрлау кезінде кылмыскер (ақшалай қаражаттарды. заттарды немесе басқа да нәрселерді) мүліктерді ешбір ысырап етуінсіз немесе бүркемелеулер жасамай-ак ашық түрде иеленеді. Ол қылмысты жалғыз немесе екі-үш адаммен шағын ғана топ бо ­ лып жасайды. Мұнда - кассирлердің акша қаражаттарын иеленуі, қоймашылардың (зат сактаушылардың) дайын немесе баска да өнімдерді иеленіп алуы жөнінде сөз козғалып отыр. Бөтен мүлікті инсценировка жолымен ұрлау қылмыстары әр түрлі тәсілдермен жасалады. Солардың ішінде унивсрсалды тәсілдер -өндірістерде (банктік қызметтерде), сауда және әлеуметтік аяларда колданылады. Олар: кайтыс болып кеткен тұлғаларды ведомостқа қосып жазу; орындалмаған жұмыска акшалай төлемдер беру; жалған қүжаттар жасау аркылы ақша алу; құндылыктарды және т.б. иелену жолымен жасалады. Көрсетілген кызмет салаларына байланысты, мысалы, өнді- рісте мынандай тәсілдер колданылады: — жалған банкроттық; — өнімдерді дайындау технологиясын бұзу; — кәсіпорынның аты мен оның үйымдық-құкыктық жағда- йын өзгерту жолдарымен кайта тіркеуге тұру; — ақшаны шетелдік есеп-шотқа аудару; — кәсіпорынның тұрак-орнын, мекен-жайын өзгерту; ( — бухгалтерлік есеп жүргізу ережелерін бүзу және т.б. 448

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==