Криминалистика

жоғарғы әлеуметтік жағдайынан, мамандығынан, іскерлігінен, қоғамдағы көптеген әлеуметтік топтармен тамыр-таныстық бай- ланыста болуынан көрініс табады. Көбінде олар өздерін қыл- мыскер ретінде санамайды. Оларға тергеу процесіне карсы эре- кет етуге мүмкіндіктер беретіндей каржы жағынан тиімді жағ- дайлар, еркіндік, суыққандылықтән. Экономика саласына байланысты жасалатын кылмыстық әрекеттердің өзіне тән ерекшеліктері криминалистикалык си- паттамадағыдай жеке әдістеменің ұғымы мен элементінен көрі- ніс табады. Барлык жеке әдістемелердің кұрылысында тергеу әрекетінен басталуы мүмкін жағдайдынсипаты мен вариантта- ры міндетгі түрде айқындалады. Субъективтік факторлардың ықпал етуіне қарамастан, бүлар объективтік жағдай болып та- былады. Осы немесе басқа да экономикалык кылмыстарды тергеу кезінде болуы мүмкін типтік ситуациялар жөнінде сөз қозға- лып отыр. Шын мәніндетергеушілер накты бір кылмысты тер ­ геу кезінде тәжірибеде айқындалатын әр түрлі ситуацияларға байланысты баска да жағдайларға кезігуі мүмкін. Типтендіру үшін барлық факторларды камту мен олар бо- йынша ұсыныстар жасау мүмкін емес. Экономика саласында жасалатын кылмыстык әрекеттің өзіндік қасиеті келесідей әрекеттерді жүргізуден тұрады — кыл ­ мыстык әрекеттің белгілерін карастыру қиын болғандыктан алдын ала тексеру әрекеттерін жүргізу кажеттілігі туындайды, содан кейін ғана тергеудің алғашкы, кейінгі және қорытынды ксзендері басталады. Барлык жеке әдістемелердегі үсыныстар алғашқы шараларды жүргізу мен баска да кезендері бойынша шектеледі. Тергеудіңбастапқы кезеңінде кейінге калдыруға болмайтын және жедел әрекетгер жүргізіледі. Жорамалданған қылмыскерді аныктағанша тергеуші кызу түрде жұмыс жасайды. Кейінгі кезенінде негізгі жұмыс оның кінәлі екендігін дәлелдеуге бай ­ ланысты жүргізіледі. Қорытынды кезең айыптау қорытынды- сын жасаудан тұрады. Экономика саласына байланысты жасалатын кылмыстарды тергеу барысында эр түрлі формадағы арнайы білімдерді пай- далануға тура келеді. Сондықтан да тергеу (кұжаттарды карау, компьютерлік техникаларды карау, тінту, жауап алу жэне т.б.) әрекеттерін жүргізуге мамандарды қатыстыру; ревизия, аудит 445

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==