Криминалистика

рын жэне баска да қылмыстарды тергеу әдістемесінен айырма- шылығы айтарлықтай көп емес. Басқа қылмыстардағыдай эле- менттер экономикалыққылмыстарынанда көріністабады, яғни қылмыстык-кұкықтык, қылмыстық-процестік актілер ескері- леді, сол схемалар бойынша ұсыныстар жасалады. Барлык жеке әдістемелер алдымен экономикалық қылмыс түрінің нақты бір қылмыстык-кұкыктык сипаттамасына сүйе- неді. Кылмыстық-процессуальдық негіздер — тексеру әрекеті кезеңінен бастап қылмыстық істі қозғауға дейінгі және айып- тау қорытындысын жасау кезеңін аяқтай отырып жеке әдісте- менің барлык кезендерін өткізеді. Экономикалык кылмыстардың әрбір түрінін типтік белгілері, қылмыстың нақты бір түрі мен тобына байланысты кримина- листикалық маңызды ақпараттар жүйесі криминалистикалык сипаттама сияқты жеке әдістеме элементтерінде беріледі. Бұл ұғым қылмыстық әрекеттердің негізгі элементтерін қамтиды. Мұнда қылмысты жасаған тұлғаға байланысты типтік мәлімет- тер, қылмысты жасау тәсілдері, қылмысты жасауға дайындык әрекеттері мен оның ізін жасыру әдіс-тәсілдері жалпы қоры- тылған түрде беріледі. Экономикалық кылмыстар бойынша қылмыскердің жеке басы және кылмысты жасау тәсілдерімен байланысты кылмыстың механизм! туралы мәліметтер крими ­ налистикалык сипаттамалардан көрініс табады. Қылмыс жасау тәсілі міндетті түрде қылмыскердің кызметтік және өндірістік-шаруашылык қызметіне кіреді. Ол мемлекетгік кәсіпорындардың каржы-шаруашылык қүжаттарынан, мекеме, банктердің рәсімдеу, орындау құжаттарынан, цех, қойма, офис- тер мен көлік және компьютерлік-техниканы пайдалану тура ­ лы жазбаша қүжаттардан көрініс алады. Экономикалык қылмыс механизмінің ерекше белгілері кыл ­ мысты жасауға дайындалу, оны жасау мен ізін жасыру тәсілдері, мысалы: салықтөлеуден бастарту кезінде жасалған қаржылық есеп жасаумен байланысты болуы мүмкін. Қылмыстың барлык түрінің механизмі кылмыскердің көпте- ген куәлерді - күзетшілер, хатшы, машинист, программист, жүргізуші, қоймашы, жұмысшы, технолог, бухгалтер, инженер, инспектор, аудитор, ревизор жэне баска да тұлғаларды қылмыс- тық әрекеттерді (немесе көбінде әрекетсіздіктерді) жасауға итермелейтіндігімен сипатталады. Экономикалык кылмыстардың барлык түрлері бойынша қЫлмысксрдің жеке басының типологиялык касиеттері, оның 444

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==