Криминалистика

мыстын ізін жасыруға байланысты әр түрлі шараларды ойлап табуына, оларды камтамасыз етуге алдын ала әр түрлі айла- әдістерді, әрекеттерді жасауына мүмкіндік береді. Сондықтан да қылмыстык істі қозғауға байланысты нақты әрі толық негіз алу үшін көп жағдайларда тергеу әрекеті жүргізілмес бұрын алдын ала тексеру жұмыстары жүргізілуі тиіс. Экономикалық кылмыстарға тән ерекшеліктердің тағы бір түрі, яғни алтыншы ерекшелігі, қылмыскердің жасаған әрекет- тері бірнеше қылмыс түрлерімен байланысты болуында. Мыса- лы: несиені заңсыз алу кылмыстары жалған кәсіпкерлік кыл- мыстарымен байланысты болуы мүмкін. Ал өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп кету кыл ­ мыстары бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу; жалған банкрот- тык кылмыстары аукциондарды өткізудің белгіленген тәртібін әдейі; пара алу кылмыстары қызмсттік өкілеттігін теріс пайда- лану және сол сияқты баска да қылмыстармен байланысты бо ­ луы мүмкін. Экономикалык контрабанда кылмыстары көбінде кылмыскерлердің салық төлеуден (кеден төлемдері мен алым- дарын төлеуден) бас тартуына байланысты жасалады. Жетініиі ерекшелігі, экономика саласындағы кылмыс сипа- ты көпшілігінде ұйымдасқан түрде жасалатындығында. Қыл- мыстык әрекеткс қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топ, сонымен қатар мемлекеттік қызмет деңгейіндегі кұкык корғау қызмет- керлері де катысады. Кейде экономика саласындағы қылмыс- тарды ұйымдасқан топ болып жасауға жоғары қызметтегі шенеуніктер катысады. Олар бұл қылмысты Қазакстан Респуб- ликасынан тыс жақын және алыс шстел азаматтарымен байла- ныста бола отырып үйымдасып жасаулары мүмкін. Экономикалык кылмыстарға тән соңғы ерекшеліктерге кылмыскердің көп көріністік және ұзақ уақыт аралығындағы әрекеттері жатады. Экономика саласына байланысты бір факт бойынша бір күн немесе апта ішінде жасалған кылмыс түрі тәжірибеде әлі кездескен жоқ. Осы ерекшеліктер экономика саласындағы қылмыстарды тергеудін қиындығымен, тергеушініңөзге де қызметгермен ты- ғыз байланысымен, тергеу процесінің материалдық-техникалық жағынан қамсыздануымен және тергеушінің кәсіби дайынды- ғымен байланысты. Экономикалык кылмыстарды тергеу әдістемесі кұрылысы жағынан - үрлық, адам өлтіру, жолкөлік окиғасы қылмыста- 443

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==