Криминалистика
рын тергеуге тэн сот сараптамаларына: трасологиялық (соны- мен катар дактилоскопиялық), қолжазбалық, құжаттарды кри- миналистикалык зерттеу, қарутану, сондай-ак микрообъекті- лерді зерттеу жатады. Сот-фоноскопиялық сараптамасының маңызы ерекше. Оны тағайындау кезінде сарапшылар қарауына даулы фонограмма (телефон байланысын тындау және басып алу нәтижесінде алын- ған), сонымен бірге қажетгі тұлғаның фонограммада бекітілген ауызша сөзініңеркін немесе эксперименталды үлгілері жібері- леді. Еркін үлгілер қатарына қылмыстык іске қатысы жок магнитті лентаға басылған ауызша сөздер ғана емес, сонымен қатар егер тергеу әрекетіне қатысушылар бүл фонограммалар- дың кейіннен фоноскопиялық сараптаманың зерттеу объектісі болатынын білмеген жағдайда жауап алу мен беттестіру әрекеті кезіндегі фонограммалар да жатады. Эксперименталды үлгілер - бұл арнайы сараптама жүргізу мақсатында К,ІЖК-нің баптар талаптарын сақтай отырып фонограммаға басылған ауызша сөз. Мұндай үлгілер зерттеу кажеттілігі туындаған жағдайларда фо- нограммаларда басылған белгілі бір сөздер, сөз тіркестері не месе екі фонограммадағы мәтіні бойынша сәйкес келегін жаз- балар эксперименталды үлгілер ретінде қолданылады. Сарап- тамадағы даулы фонограммамен бірге осы фонограмманы жазу кезінде қолданылатын магнитофонды да жіберген жөн. Сарапшыға фонограммада басылған дауыстың нақты бір- адамға тиістілігі, сондай-ақ фонограммаға дыбыс жазу кезінде немесе одан кейін енгізілген өзгерістер мен монтаж жасау мүмкіндігі жөніндегі мәселелер қойылады. IX т а р а у БӨТЕН МҮЛІКТІ ИЕЛЕНУ ЖӘНЕ ЫСЫРАП ЕТУ ҚЫЛМЫСТАРЫН ТЕРГЕУ ӘДІСТЕМЕСІ §1. Экономика саласында жасалатын қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы Қазіргі кезде экономика саласындағы кылмыстар кеңінен тарап өсуде және біршама өзгеріп жаңа түрлері пайда болған. Мысалы, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп кету немесе ысырап ету, экономикалык контрабанда, жалған кәсіпкерлік, заңсыз банк кызметімен айналасу және т.б. 441
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==