Криминалистика

жүргізеді. Талап етілген зат жалпы тәртіп бойынша қаралады (ақша купюраларының нөмірлері, әрбір купюралардың немесе берілетін заттардың жеке белгілері, олардың қалай буып- түйілетіндігі көрсетіледі жәнет.б.). Ақша немесе басқада нәрсе- лер арнайы химиялық заттармен өнделіп, ол жөнінде хаттамада көрсетіледі; егер талап етілген зат қағазға оралып берілетін бол- са, кейін сараптаманың көмегімен екі бөліктің бір бүтін екенін анықтау үшін ораған қағаздың бір бөлігін жыртып алады (бұл да хаттамада көсетіледі). Қорқытып талап ету жәбірленушіге күш қолдану аркылы жүргізілген жағдайда, міндетті түрде жәбірленушінің өзіне куә- ландыру, ал киімдеріне қарау жүргізу керек. Күш қолдану әрекеті үстінде жәбірленуші мен қылмыскердің киімдері бір- біріне үйкелсе, байланысқа түскен заттар алынып микрообъек- тілер сараптамасына жіберіледі. Корқытып талап етушілерді үстау үшін алдын ала дайыңдык жұмыстарын жүргізу керек. Тергеуші ұстау әрекетіне дайын- дык кезінде жедел-іздестіру кызметкерлерімен бірігіп жоспар кұрады. Операцияға баска да орган қызметкерлері (Ерекше Ба- ғытталған Полиция Жасағы - ЕБПЖ, МАИ) қатыстырылуы мүмкін. Ұстау жоспары жағдайдың және кылмыскердің жүріс- тұрысының өзгеруін ескере отырып құрылады. Қатысушылар- ды міндетті түрдс жоспар бойынша белгіленген ұстау орнымен таныстырып, мүмкіндігінше жоспарланған операцияның жеке кезеңдері бойынша жаттығу жұмыстары (қорқытып алушылар- ды сескендірмеу үшін жаттығу жүмыстары басқа жерде) жүргі- зіледі. Сонымен қатар, ұстау әрекетіне қатысушылардың қауіпсіз- дігін камтамасыз ету мәселесі алдын ала шешіледі. Кылмыскерлер үстауға катысушыларға карсы әрекет етіп, талап етілген заттың көзін тез арада жойып жібермес үшін ұстау әрекеті кенеттен, жылдам және оңтайлы түрде жүргізілуі шарт. Корқытып талап етушілердің түрғынжайын тінтудің мақса- ты (кейде олардың жұмыс орны тінтіледі) талап етілетін заттар- ды: қару-жаракты, хаттарды, жазба кітапшаларды, фотосурет- тер мен басқа да кұжаттарды табу және олардың көмегімен сезіктінің кіммен араласатындығын анықтау. Қорқытып талап ету кылмыстары бойынша оқиға болған жерде іздер мен баска да заттай дәледдемелердің табылуы мүмкін жағдайда оқиға болған жерге карау жүргізіледі. Көбінесе қоркы- тып талап ету күш қолдану, сондай-ак, мүлікті зақымдау неме ­ се жою әрекеттері аркылы жасалса, оқиға болған жерді қарау 439

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==