Криминалистика
сұрау әрекеттері (отбасы мүшелерінен, қызметтестерінен және осы мән-жай туралы білуі мүмкін өзге де тұлғалардан), соны- мен қатар, сәйкес жедел-іздестіру шаралары жүргізіледі. Тексеру жүмыстарын тергеуге кедергі келтірмейтіндей және жәбірленуші мен куәларға қауіп тумайтындай (қылмыскер білмейтіндей) жағдайда жүргізілуі тиіс. Тергеудің алғашқы кезеңініңтиптік ситуациялары келесі жағдайлармен анықтала- ды: корқытып талап ету - бірақ рет жасалды ма, әлде жүйелі түрде бола ма; қылмыскер қорқытып талап еткен мүлкі берілді ме және жәбірленуші жаңа талап етушіні тани ма. Осыларды ескере отырып, мынандай екі типтік ситуацияны көрсете аламыз: 1. Құқық қорғау органына қорқытып талап етуге ұшыраған, бірақ талап етілген заттарды әлі бермеген жәбірленуші арызда- нады. Ең алдымен тексеру әрекетгерін жүргізіп, қылмыстык іс қозғау туралы шешім қабылдағаннан кейін: арызданушыдан егжей-тегжейлі жауап алу; қылмыскерді ұстағанға дейін бері- летін қоркытып талап ету затына қарау жүргізу; телефонмен сөйлесулеріне тындау жүргізу және оны жазып алу; корқытып талап етушіні кылмыс үстінде ұстау әрекеттері жүргізіледі. Егер кылмыскер жәбірленушіге таныс болса, осы тұлғаның араласа- тын адамдарын аныктауға, оның қылмыстык ниетін және де қылмыс үстінде ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіледі. 2. Талап етілген затты қылмыскерге бергеннен кейін жәбір- ленушінің арыздануы. Бұл ситуацияның үш нұсқасы болуы мүмкін. Бірінші нүсқа — кылмыскерді жәбірленуші таниды және қоркытып талап ету жүйелі сипатка ие болған. Мұндай жағдай- да жоғарыда көрсетілген ситуациядағыдай, қылмыскерді келесі қоркытып талап еткен кезде, кылмыс үстінде ұстауға шаралар қолданылады. Екінші нұсқа - кылмыскерді жәбірленуші таниды, бірак қорқытып талап ету қылмысы қайталанады деген мәлімет жоқ. Мұндай жағдайларда кылмыстық іс қозғалып арызданушыдан жауап алынғаннан кейін, жедел-іздестіру шараларын жүргізу кажет. Олардың нәтижесіне байланысты телефонмен сөйлесуді тындау және жазып алу, қылмыскерді ұстау (баска адамдардан қоркытып талап ету кезінде немесе баска кылмыс үшін), одан жауап алу, сезіктінің тұрғылықты жері мен жұмыс орнында тінту жүргізу, жәбірленуші мен куәлармен беттестіру жүргізу тура лы мәселелер шешіледі. Үшінші нұсқада - қылмыскерді жәбір- ленуші танымайды және оның корқытып талап ету кылмысын 436
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==