Криминалистика

VIII т а р а у ҚОРҚЫТЫП АЛУ ШЫЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫН ТЕРГЕУ ӘДІСТЕМЕСІ §1. Қорқытып алушылық кылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы Қоркытып алушылық, яғни бөтен мүлікті немесе мүлікке күкықты беруді немесе күш қолданумен не бөтен мүлікті жою- мен немесе бүлдірумен қорқыту арқылы мүліктік сипаттағы басқа да іс-әрекеттерді жасауды талап ету, сол сиякты жәбір- ленушіні немесе оның жакындарын масқаралайтын мәлімет- терді таратумен, не жәбірленушінің немесе оның жакындары- ның мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін өзге де мәлімет- терді жариялау. Қорқытып алу кезіндегі қылмыстық кол сұғу- шылықтың заты болып колма-қол ақшалар, ал кей жағдайларда баска да мүліктер немесе оған деген құқықтар жатады. Мсмле- кеттік мүлікті коркытып алу жағдайлары тіпті кездеспейді. Көбінде қылмыскерлер азаматтардың жеке мүліктерін немесе коммерциялық құрылымдардың мүліктерін иеленуді көздейді. Корқытып алушылық кылмыстарының басты элементтерінің біріне кылмыс жасаудың тәсілдері жатады. Әдетте қорқытып алу қылмыстары — кылмысқа дайындалуға, кылмыстық ойды жүзеге асыруға және қылмыстың ізін жасыруға бағытталған іс- әрекеттер жиынтығынан тұрады. Қорқытып алуға дайындык кәсіпорынның кызметі (кооперативтік, арендалық және т.б.) және жоғары табыс табатын адамдар жөнінде мәліметтер алу- дан көрініс табады. Корқытып алушыларды бүл гүлғалардың: табыс көлемі, түрмыс-тіршіліктері, олардың колма-қол ақша- лары мен қүнды мүліктері, жеке өмірінің жағдайлары және мінез-құлық ерекшеліктері қызыктырады. Кылмыскерлер қорқытып алушылық қылмыстарына дайын ­ дык кезінде атыс және суық қару-жарактарын иемденеді, қару макеттерін (үлгілерін) жасайды, көлік кұралдарын карастыра- ды және т.б. Коркытып алу кезіндегі бір нәрсені талап ету жол- дары авторы көрсетілмеген хаттармен, байланыс жүйелерімен, тікелей қатынаспен, сондай-ақ үшінші жактың (делдалдардың) қатысуымен жүзеге асырылады. Коркытушылар келесідей тәсілдер қолдана отырып талап ету хатын дайындайды: қол жазуын өзгерту, езіне тиесілі емес басу і 432

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==