Криминалистика
үшін құжаттарды техника-криминалистік зерттеу сараптамасы тағайындалады. Кұжаггарды техника-криминалистік зерттеу сараптамасы құнды қағаздардың, лицензиялардың, сертификат сараптамасы - ның, төлем карточкаларының, банктік және каржылык-бухгал- терлік кұжаттардың, паспорттар мен куәліктердің жалғандығын және оларды жинау әдістерін анықтайды. Жалған күжаттарды жасаған кезде немесе оны пайдаланған жағдайда техникалық кұралдарда (ксерокстер, факс-модемдер, принтерлер) зерттеудің объектісі болуы мүмкін. Әр түрлі ақпараттарды жинау, жүйелендіру үшін автомат- тандырылған кұралдарды, бухгалтерлік есепті басқару жүйесіне енгізіп ЭЕМ-ді (ЭВМ) колдану кеңінен таралып отыр. Занды тұлға атынан жасалатын әрекеттерде ЭЕМ-ді жиі колданады, сондыктан да алаяктық қылмысын тергеу үшін акционерлер мен салымшылардың Компьютерре енгізген қаржы операциялары мен жиналған ақша қаражаттары жөніндегі мәліметтерді тек- серу қажеттілігіне байланысты компьютерлік-криминалистика- лықсараптаматағайындалады. Сараптаманыңбұлтүрі ЭЕМ кол- данушысын және программист аныктауға, ақпаратгықөзгерісті қалпына келтіруге, рұксат етілмеген әдісті қолдана отырып ком пьютер жүйесіне кіру фактісі мен әдісін анықтауға мүмкіндік береді. Айыпкерден қосымша жауап алу тергеудіңалғашкы кезінде бұрын белгісіз болған керіністер бойынша бсрген түсінікте- мелерін нақтылау және аныктау максатында алғашкы ұсынған құжаттары туралы гүсініктерді, сондай-ақ сот сараптамалары- ның қорытындысы бойынша түсініктер алу үшін жүргізіледі. Айыпкер мен іске қатысқандардың берген жауаптарында қарама-кайшылық туындаған жағдайда беттестіру әрексті, со- нымсн катар баска да тергеу әрекеттері жүргізіледі. Тергеу эксперимент! кезіндс айыпкердің алаяқтык механизмі құрамына кіретін әрекеттерді және басқа да операцияларды жасау мүмкіндігі тексеріледі. Оларға: жалған құжаттар мен көмекші техникалық құралдарды дайындау; жәбірленушінің жеке мүлкін иеленуге байланысты жасалған айла әрекетті т.б. әрекеттерді бақылау мүмкіндігі жатады. Келтірілген материалдық шығынның орнын толтыру және мүлікті тәркілеуді қамтамасыз ету максатында тергсуші тінту жүргізіп, мүлікке және почта-телеграф жөнелтілімдеріне тоқ- там салады, мекемелер мен ұйымдарға сүраулар жіберіледі. 430
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==