Криминалистика
§4. Кейінгі тергеу әрекеттері Алаяқтык кылмысын тергеудің кейінгі кезеңінде тергеуші қылмыстық іс бойынша жиналған материялдарды жүйелейді және оған талдау жасайды, жоспар құрып, қажетгі схемалары мен кестелерін сызып, сот сараптамасын тағайындайды, айып- керден қосымша жауап алады және олардың қатысуымен беттестіру жүргізеді, куәгсрлердің санын көбейтуге шаралар қолданады, тану үшін корсету әрекеттерін және тергеу экспе- рименттерін жүргізеді. Осы аталған кезеңде тергеуші: алаяктың кінәлілігі туралы алынған мәліметтерді тексеру; жаңа дәлелде- мелерді жинау; бүрын кылмыска катыскан белгісіз кейіпкерлер мен алаяқтарды аныктау; қашып жүрген кылмыскерді іздестіру; алаяқтық нәтижесінде алынған ақшалай қаражаттарды, соңдай- ақ қылмыстық жолмен алынған мүліктер мен құндылықтарды іздестіру; айыпкердің жеке басын анықтау; алаяқтык кылмы сын жасауға себеп болған жағдайларды анықтау әрекеттерін жүргізеді. Тергеудің кейінгі кезеңіндегі тергеушінің жүргізетін тергеу және басқа да әрекеттерін нақтылап карастырып өткен жөн. Қарастырылып отырған қылмыстық істердің категориясы бойынша жүргізілетін сот сараптамасының шеңбері - алаяқ- тың қолданылған тәсілі мен анықталуға жататын жағдайларға байланысты өте кең. Алаяқтарды әшкерелеу үшін, олардың кылмыс жасау кезінде қалдырған қол, аяқ іздеріне дактилоскопиялық, трасологиялык сараптамажүргізіледі. Бүтінді бөлшек бойынша аныктау кажет- тігі туындаған жағдайда трасологиялык сараптама тағайында- лады. Жасанды құнды бұйымдарды сатқан кезде гемологиялық сараптама жүргізеді. Каржы-шаруашылык операциялармен бүркемеленіп жасалған аляқтык әрекеті кезінде сот-бухгал- терлік сараптама жүргізілуі мүмкін. Қолжазба сараптамасына колжазуды және жекеленген жаз- баларды, қосып жазуды, жалпы мәтінді жазған орындаушыны аныктау үшін күжаттар жіберіледі. Мұндай жағдайларда кәсіп- орындардың құрылтай шарттарына (келісімге), мәмілеге, қол- хагтарға койылған қолдары, кіріс және шығыс кұжаттарындағы косып жазу жазбалары зерттеледі. Машинкамен басылған, баспаналық және баска да әдістер- мен басылған құжаттардың қолдан жасалғандығын аныктау 429
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==