Криминалистика
мән-жайларды куәландыратын, сондай-ак кылмыскерді - иден- тификациялауға немесе оның жеке басы туралы мәліметтерді алуға болатын іздерді іздестіреді. Қылмыскердің кол іздері олар- дың ұстауы мүмкін заттар мен нәрселерден іздестіріледі. Кейбір жағдайларда алаяқтар қылмыс жасаған кезде кепілдік ретінде ақшалай қаражаттар мен заттарды, сонымен қатар, қолхаттар- ды калдырады. Аталған объектілер мүқият қаралып, қылмыс- тық іске заттай дәлелдеме ретінде тіркеледі. Оқиға болған жерді қарауға жәбірленушіні катыстырған жөн. Бұл кылмыстың жағ- дайын, алаяқтың койған талаптарын кылмыстын болған жеріне байланысты арызданушынын берген көрсетпелерінін растығын тексеруге, кылмыскермен калдырылған жекеленген заттар мен іздерді оңай табуға; куә болатын адамдар шеңберін анықтауға мүмкіндік береді. Коммерциялық қүрылымдарда алаяқтық әрекеті аркылы кылмыс жасалған жағдайда, олардың кеңселері мен өндірістік мекемелерінде, кассалары мен бухгалтерлік құжаттарына қарау әрекеті жүргізіледі. Алаяқтармен берілген немесе калдырылған заттарға жедел түрде карау жүргізіледі. Осындай жағдайда алынған мәліметтер алаяктарды іздестіруге бағыт береді. Алаяктық әрекеті жасалып біткен соң жәбірленушіде кал ган заттар егжей-тегжейлі қаралады. Олар бағалы кағаздар және олардың суррогаттары, жеке меншік жөніндегі куәліктер, келісім-шарттар, мәліметтер, жеке қаржылык шоттар мен үй кітапшаларының көшірмелері, анықтамалар мен қолхаттар бо- луы мүмкін. Қүжаттарды (жалған накладнойларды, жолдама және несие кағаздарды, чектерді т.б.) заттай және акшалай «жалған» зат тарды қарау кезінде оларды колдан жасау әдісін анықтап кана қоймай, сонымен катар, катаң есептегі кұжат бланктерін алу жолдарын, құжатты толтырған қолжазба мен қолтанбаны, мәтін басылған машинка мен принтердің түрін, алаяқ қолының іздерін табу және анықтау қажет. Окиға болған жердегі код іздерін, микробөлшектер мен қүжаттардың жалғандық белгілерін табу және бекіту үшін тер- геу карауына криминалист-маман қатыстырылады. Сонымен катар, қарауға зергерлер, товартанушылар, бухгалтерлер сияқ- ты баска да мамандар шақырылады. Алаяқтық қылмыстары бойынша сезіктіні қылмыс үстінде ұстаған тиімді. Мұндай әрекетті анықтама органдары жүргізген 427
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==