Криминалистика

рет, қайда, кандай уақытта, канша уақыт болды; адаяк жалғыз болды ма, элде топ құрылымымен жасалынды ма, әрбір алаяқ- тық қылмысқа қатысушылардың рөлдері қандай; алаяқ өзін қалай таныстырды, кандай-да бір құжаттарды көрсетті ме, жәбірленушіге қандай материалдык зиян келтірілді; жәбірлену- шінің алаяққа берген заттарының немесе ақшаларының белгі- лері; алаяктықтың мән-жайын кім дәлелдеп бере алады. Кылмыскердің жеке басын анықтау барысында: қылмыс- кердің сыртқы бейне белгілері мен ерекше белгілеріне, әдет- дағдысына, киім кию, сөйлеу мәнеріне ерекше көңіл бөлінуі керек. Алаяқ автокөлік қолданған кезде оның маркасына, түріне, нөміріне, айрыкша белгілеріне назар аударылады. Жәбірленушіден жауап алу кезінде сезіктінің жеке басы, оның ерекше белгілері, оған берілген заттар немесе кұндылык- тардың тізімі, кылмыстық әрекетті көзімен көрушілердің бар- жоктығы, алаяктык кылмысын жасау әдісі және т.б. мәселелер аныкталады. Куәдан жауап алудың мақсаты: алаяқтықтың жағдайы; ала- яктың белгілері, оның жеке басы, немен шүғылданатындығы, өмір сүру жағдайы, жүріс-тұрысы; әрбір қылмыстыктоп мүше- лері; жәбірленушінің жеке басы; мәмілеге отырудың, алаякка берілген мүліктің, заттың сипаты; алаяқтық қылмыстарды жа- сауға мүмкіндік туғызатын жағдайлар мен баска да мән-жай- лар туралы мәліметтерді аныктау болып табылады. Жылжымайтын мүлікке алаяқтыкпен жасалған мәміле не ­ месе жеке инвесторлардың каражаттарды иелену істері бойын- ша: менеджерлерден, бухгалтерлерден, хатшылардан, кассир- лерден, фирма күзетшілерінен; нотариустар мен коммуналды тұрғын-жай шаруашылығының, көші-қон полициясы және бас ­ ка да категориядағы қызметкерлерінен куә ретінде жауап алы- нады. Алаяктык кылмыстарын тергеу кезінде оқига болган жерді қарау тергеу әрекеті де жүргізіледі. Бұл категориядағы істер бойынша карау жүргізудің өзіндік ерекшелігін ескеру кажет. Оқиға болған жерге көптеген жергілікті жерлер мен тұрғын жайлар кіреді: алаяқтың жәбірленушімен таныскан және сеніміне кірген жері, құнды заттарды алған және жасырған жері т.б. осы көрсетілген жерлердің кайсысына қарау әрекетін жүргізу қажеттігі іс жағдайларына байланысты шешіледі. Қарау кезіңде тергеуші окиға болған жерді зерттеп, іске маңызы бар 426

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==