Криминалистика

мерциялық банктердің қызметкерлерімен алдын ала сөз байла- сып келісулері жатады. ¥рлық қылмыстары құжаттарды белгі- ленген жерге жіберіп, оның банкке өтуін қадағалау мен есеп бойынша аударылған ұйымнан түскен ақшаны алу жолымен жүзеге асады. Мүндай қылмыстық іс ақша айналымын қүрай- тын қүжатгарды (жалған мәміле. шарт, келісімдер және т.б.) тексеру арқылы ашылады. Азаматтардың жеке мүлкіне қол сүғушылық кезінде алаяк- тар әр түрлі тәсілдерді қолданады: ақшаны жоғары пайызбен қарызға алу және оны қайтармау; сатылатын затгың өзін емес оған үқсас затты беру; сауда жасағанда, ақшаны айырбастаған- да, майдалағанда алдау; алтын бұйымдардың орнына мыстан жасалған бүйымдарды сату; жалған ақша беру; көмек көрсетемін деп ақша алу немесе белгілі бір кызмет көрсетуге тауарларды алу; пал ашу, тәуіпшілік, емшілік жасау арқылы акша алу; та ­ уарларды және баска да материалдық құндылыктарды алу мак- сатында баска адамның атын иеленіп жалған шарттар жасау нәтижесінде ақша алу; жалған мәмілелер жасау. Алаяқтық қылмысын жасау тәсілдерінің кеңінен тараған түрлері: алаяқтар бір бума ақшаға ұқсас жалған ақшаларды жолға тастап, оны бөлген кезде жәбірленушінің шын ақшала- рымен ауыстырып алу, сонымен катар алаяқтардың бөтеннің мүлкін иелену мақсатымен некеге тұру; атақты әншілердің аты- нан концерттер қою, өнер туындыларын қолдан жасау және сату сияқты тәсілдері жиі кездеседі. Жәбірленушілерді алдау, олардың тікелей байланысқа түсулері аркылы жүзеге асырылатындыктан, соңғылары барлык уақытта өздерінің қылмыстық іс-әрекетінің ізін жасыруды ой- ластырады. Осындай максатга картадан ұтылған жәбірленушіге ақшаның жартысын ұтып алуына, жалған құжат жасауына, жал- ған алиби құрастыруына, шетелге кашуына мүмкіндіктер беріп, сырт көзге занды болып көрінетіндей барлық шараларды қол- данады. Алаяктык кылмысы колданылатын тәсілдері мен басқа да жағдайларға байланысты көшеде, жеке пәтерде, дүкен, фирма мекемелерінде жасалады. Алаяқтардың жеке басын зерттеу кезінде олардың жоғары кәсіби деңгейі, құкықтық білімдері, ой- өрісінің жетіктілігі аныкталады. Алаяқтардың ішінде рецедивистер көп, соның 30 пайызын әйелдер құрайды. 421

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==