Криминалистика
Алаяқтар қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалык өзгерістерге жылдам назараударып, қарапайым тұрғындар мен коммерсантгардың жеткілікті құкыктықбілімінің және нарық- тык қатынастарға сәйкес тәжірибелерінің жоқтығын ескере отырып, нарықтағы бағалы кағаздармен, шетелмен коммерция- лық байланыстарды жүргізуге, жекешелендіруге толық инвес- тициялармен, несиелік-банктік қызметпен байланысты әр түрлі алдау әдістерін ойластырып тәжірибеде қолдануда. Казіргі кездегі алаяқтық әрекетінің өзіне тән ерекшелігі, олар занды тұлғаның атынан азаматтық-құқықтық мәмілелер жасап және қаржылык-іпаруашылықоперацияларды жүзеге асыруында. Кейінгі жылдары алаяқтық қылмыстарының төмендегідей тәсілдері өте кең тараған: банктік несиелерді жалған құжаттар арқылы алу; жалған фирмалар кұрып кейіннен халыктың қара- жатын иелену; тұрғын үйлерді алу (сату, айырбастау, арендаға, кепілге беру) үшін жалған қүжаттар жасау; банкоматтан ақша немесе сауда кәсіпорындарынан тауарлар алу үшін, біреудің немесе қолдан жасалған пластикалық карточкаларды қолдану; валютаны айырбастау, шетелдік куәліктерді, визаларды рәсімдеу кезіндегі, қамтамасыз етілмеген акцияларды және құнды қағаз- дарды сату барысында жалған құжатгарды қолдану және т.б. Басқа тәсілдерге тоқталатын болсақ: 1) мемлекеттік және коғамдық материалды құндылыкты коймалардан, базалардан және басқа да объектілерден жалған құжаттарды пайдалану ар- кылы алу; 2) жалған құжаттарды пайдалана отырып мемлекеттегі құжаттарды, мемлекеттік зейнетақыларды немесе әлеуметгік қамсыздандыру органдарынан баска да төлемдерді заңсыз жол- мен иелену; 3) мемлекеттік және коммерциялықбанктерден әр түрлі жалған чектік құжаттарды қолдану жолымен көп мөлшер- дегі қаражаттарды иелену; 4) мемлекеттік мүлікті жалған құжат арқылы несиеге алу немесе қалған қарызды төлеуден жалтару. Алаяқтардың ақшалай қаражаттармен жасаған кылмыстық тәсілдері банктік есеп айырысуда толык құрылымды және күрделі болып келеді. Алаяқтар қылмыстық іске кіріспес бүрын, міндетгі түрде дайындық жұмыстарын жүргізеді. Олар алдымен қатаң есептегі банк күжаттарын қолға түсіріп, ұрланған ақша- ны аударатын ұйымдарды аныктайды және күжаттарды жеткізу (жіберу) әдістерін шеиіеді. Басқа да кажетті мәліметтер мен банк кодтарын, шифрларын, т.б. алдын ала анықтап біледі. Сонымен кцтар, дайындық жұмысына кылмыскердің көздеген тиісті ком- 420
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==