Криминалистика

ауырлығын, оны келтіру уакытын және жарақат салған құрал- дың түрін, келтірілген жарақаттың кіру және шығу жерлерін, жарақаттың пайда болу механизмін анықтау үшін тағайындала- тын сараптамалар жүргізіледі. Сонымен қатар, заттай дәлелде- мелердің (кан, шаш, сілекей) сот-медициналық сараптамасы, химиялық, товартанымдык және айыпталушының есі дүрыстығы туралы сұрақты шешетін сот-психиатриялық сараптамалар да тағайындалады. VII т а р а у АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСЫН ТЕРГЕУ ӘДІСТЕМЕСІ §1. Алаяқтық қылмысының криминалистикалық сипаттамасы Алаяқтык, яғни бөтен мүлікті ұрлау немесе мүлікке кұқыкты алдау немесе сенімге киянат жасау арқылы алу меншікке ба- ғытталған қылмыстар катарына жатады. Меншікке қарсы кылмыстардың ішінде алаяқтық қылмысы сирек кездесетін, бірақ кейінгі жылдары оның өсу қаркыны бірден көзге түседі. Алаяқтың қоғамға қауіптілігі күннен-күнге өсуде: бұл тектес қылмыстык әрекеттер мемлекеттік үйымдар мен мекемелерге, коммерциялық құрылымдарға және азамат- тарға үлкен материалдык зиян келтіріп, саяси тұрақсызданды- руға апаратын факторға айналып отыр. Көбінесе алаяқтық әрекетті жүзеге асырғанда қылмыстық қол сұғушылық заты болып акшатабылады. Кейбір жағдайларда алаяқтар өндірістік тауарларды, валюталарды, бағалы қағаздарды, мүлікті, зергерлік бүйымдарды, өнер тауарларын иемденеді. Алаяктық қылмысы әр түрлі тәсілдерімен жасалады. Алдау немесе сенімді пайдалана отырып зиян келтірудің көптен келе жатқан гәсілдеріне мыналар жатады: карта, баска да әуеской, құмар ойындарды («рулетка», «сүйек-бөтелке» айналдыру т.б.) ойнағанда әр түрлі айла қолдану; жасанды асыл бұйымдарды сату; жасанды ақша мен заттарды пайдалану; жалған акша ку- пюраларының эквивалентті емсс түрлерін айырбастау; өздерін бакылау және құқық қорғау және т.б. органдарының қызмет- керлері ретінде таныстыру жолымен әрекеттер жасау. Алаяқтар жоғары кәсіпқойлығымен, техникалық жағынан толык жабдықтануымен ерекшеленеді. Карта ойнайтындар ойын- ға катысушылардын картасын көру үшін телеқондырғыларды колданған жағдайлар да кездеседі. 419

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==