Криминалистика

Егер олар қолдан жасалса, олардан табылған іздер аркылы бы- тыра мен картечьті дайындауда қолданылған құралдар иденти- фикацияланады. Оқ тиген жерлердің сипаты мен орналасуы, оқтың, гильзаның, бытыраның, тығынның орналасуы арқылы, сонымен қатар, атудың қосымша іздері (күю, ластану, жанбай қалған түйіршіктер) арқылы атудың қашыктығын, қай жерден атылғанын, атқан адамныңтүрған жерін анықтауға болады. Тонау және қарақшылық шабуылдарының жағдайларын, сонымен қатар, қылмыскердіңжеке басын анықтауда кылмыс- керлердің қылмыс окиғасы болатын жерге бағытталған жолда, шабуыл жасаған жерде немесе одан кетіп бара жатқанда жолда жоғалтқан, қалдырған заттар мен құжаттардың маңызы зор. Мұндай заттардың қатарына кылмыскердің жеке заттары, жаз- балары, блокноттары, жол жүру құжаттары немесе жәбірлену- шіден тартып алынған заттар мен ақшалар жатады. Оқиға бол ­ тан жерден қылмыскер мен жәбірленушінің төбелесу нәти- жесінен киімдерінен үзіліп калған түймелер, мата бөліктері, тал- шыктар мен кан іздері табылуы мүмкін. Әсіресе микробөлшек- тер мен иіс іздерін табу мен алуға көңіл болу кажет. Іздерді та- уып, дұрыс колдана білу осы кылмыстарды тергеу мен ашудың бірден-бір кепілдігін көрсетеді. Микробөлшектерге кылмыскер- лердің объектілермен жанасу кезінде қалдырылған заттар мен материалдардың үсак бөлшектері, киім таліпықтары, лай, шаң іздері жатады. Объектілерден табылған иіс іздерін (қылмыскермен қалды- рылған киім, колданған немесе колында ұстаған заттар) сақтау үшін оларды арнайы герметикалықжабылатын құбырларға не ­ месе алюминий фольгаларға салады. Кейін оларды кылмыс- керлерді ізін суытпай тұрып іздестіруде немесе қызметтік- іздестіру итінің көмегімен анықтауда қолданады. Осы кылмыстар бойынша заттай дәлелдемелердің көптілігі тағайындалатын сот сараптамалардың ерекшелігін анықтайды. Криминалистикалыксараптамалардыңішінен көп жүргізіле- тінтердің қатарына жататындар: баллистикалық - карудын түрін, жүйесін, калибрін анықтау үшін, оның атуға жарамды- лығын, жүзеге асырылған атудың бағытын және ара қашықты- ғын, атыс қаруын идентификациялау үшін; суык қаруына жүргізілетін сараптама; трасологиялык — аяқкиімнің, көліктің іздерін зерттеу үшін, бүтінді бөлшек арқылы анықтау үшін; дак- тилоскопиялык — кол саусақтарының іздерін зерттеу үшін. Сот сараптамасының өзге түрлерінің ішінен көбінесе нар- кологиялық, сот-медициналық - дене жаракатының сипаты мен і 418

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==