Криминалистика
сот-медициналық сараптаманы тағайындау және жүргізу ; жәбір- ленушіден мұқиятты түрде жауап алғаннан кейін қайта жауап алу; анықтама органдарының жедел-іздестіру мүмкіндіктері. Тонау және каракшылық шабуылдары істері бойынша қарау жүргізудің нәтижелілігі кылмыстың іздерін тек қана дұрыс табу мен алудан ғана емес, сонымен катар, қылмыскерлерді анык- тау, іздестіру және әшкерелеу мақсатында оларды дүрыс қол- данылуынан тұрады. Осы максатта қол, аяқ, аяқкиім, шабуыл құралдары, қан іздері қолданылуы мүмкін. Осы іздердің ішінде қол іздерінің маңызы зор, өйткені сезіктінің қылмыс болған жерде болғанын және карау кезінде табылған объектілерді оның колымен үстағанын көрсететін күмәнсіз дәлелдеме болып та- былады. Сезіктінің күнделікті қолданыстағы заттарда, киімдерде калдырған қан іздері қарақшылык шабуылды дәлелдеу үшін кол- данылуы мүмкін. Қылмыскерді ұстау және жеке тінту. Тонау және каракшы- лық шабуылдарын жасаған тұлғалар анықталса, оларды үстау тёз арада жүзеге асырылады. Мүндай қылмыстарды жасайтын қылмыскерлер көбінесе, каруланған болып келетінін полиция қызметкерлері ескеру керек. Қаруланған кылмыскерлерді үстау- да кинологтердің катысуының да маңызы зор. Үсталғандарғатез арада жекетінту жүргізіледі. Тінту кезінде карулар мен оның макеттері жәбірленушіні қорқыту үшін не- месе оны ұрып соғу үшін колданылуы мүмкін өзге де заттар алынады. Сонымен катар, тінту кезінде жәбірленушіден үрлан- ған заттар немесе бағалы заттар (сағат, акша, кұжаттар, әмиян- дар, колғаптар, шарфтар және т.б.), шабуыл жасалған немесе жаңа кылмыстыңдайындалып жатқанын көрсететін ғимарат, үй- жайдың немесе жолдардын жобалары, жеке кұжаттар алына ды. Қылмысксрлср жеке басын анықтауды қиындату максатын- да немесе жалған құжаттардан құтылу үшін тінту алдында олар ды лақтырып тастауға тырысады. Жеке тінтуден соң сезіктінің киіміне қарау жүргізіледі. Мұнда жәбірленуші киімінің микроталшықтары ізделініп, төбелестің іздері тіркелінеді: киім бөлшектері мен үзілген түйме- лер, толығымен немесе жартылай жұлынған калталар, жағалар. Киімнен оқиға болған жердің топырақ бөлшектері немесе жәбірленуші киімінің микроталшыктары табылуы мүмкін. Егер сезікті қылмыс жасалғаннан кейін ұсталса, киімін қарау- дан кейін куәландырудан өтуі керек. Куәландыру кезінде тыр- 415
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==