Криминалистика
бөлшектердің, иіс және өзге де іздерін анықтауда, бекітуде және алуда колданылатын құрал-жабдыктар жиынтығымен катар, тергеу тобы караңғы кезде карау жүргізуде колданылатын жа- рықтандыру құралдарын, ауа райының қолайсыз жағдайларында іздерді сактап қалуға мүмкіндік беретін жабдықтарды, козға- лыс күралдарын және өзге де техникалық кұрал-саймандарды коса пайдаланулары керек. Баска да қылмыстардағыдай тонау және қарақшылык шабу- ылдары бойынша карау тергеу әрекетін жүргізетін тергеу то- бынын кызметін тергеуші баскарады. Караудын алдында ол оқиға болған жердің қауіпсіздігін, бөтен адамдардын жүрмеуін, іздердің өзгеріссіз сақталуын (жаңбыр немесе кар жауып тұрса) камтамасыз етеді, қылмыс оқиғасын өз көзімен көргендерді және оқиға болған жерге бірінші болып келгендерді анықтай- ды (өзі немесе полиция кызметкерлерінің көмегімен). Осы түл- ғалардан сұрау жүргізу арқылы келесі мәселелерді аныктайды: • кылмыстык іс-әрекеттін болған уақытын, сипатын және жағдайын; • кылмыскерлердің қашып жасырынған бағытын, олардың санын және ерекше белгілерін; • оқиға орнында мүмкін болған өзгерістер және қарауды жүргізуде дұрыс бағыт-бағдар алуға маңызы бар мәселелерді. Егер кылмыскерлерді ізін суытпай түрып іздестіруге мүм- кіндік болса, тергеуші жүргізіліп отырған тергеу қарауының кезендеріне байланыссыз, ұйымдастыру шараларын міндетті түрде жүргізуі керек. Мүлікті иемдену максатымен жасалған тонау мен қарақшы- лық шабуылдары кылмыстары бойынша жүргізілетін қарауға материалды жауапты тұлғалар мен әкімшілік өкілдері катыс- тырылуы мүмкін. Тергеуші карау барысында кылмыс жағдайларын анықтау үшін маңызы бар іздер мен затгарды бекітеді және алады, жеке өзі немесе мамандардың көмегімен ғылыми-техникалық құрал- саймандарды колданады, қарауға қатысушы тұлғалардың іс- әрекеттерін ұйымдастырады, қарау кезінде табылған іздер мен заттарға куәгерлердін назарын аударады, қылмыскерлерді анык- тау мен іздестіру шараларын жүргізу үшін маңызы бар мәлімет- терді криминалдық іздестіру қызметкерлеріне хабарлайды. Криминалдық іздестіру кызметінің қызметкері суымаған іздер бойынша қылмыстық элементтсрді іздестіруді жүзеге асы- 413
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==