Криминалистика

рып, кылмыскерлерді іздестіру мен ұстау кезінде көмек көр- сететін жедел-тергеу тобын полиция қызметкерлерімен күшей- ту керек. Тонау және қарақшылық шабуыл істері бойынша тергеу- қарауына жәбірленуші мен өз көзімен көрген куәларды катыс- тырған жөн. Бұл тұлғалардың қатысуы тергеу жүргізушіге ша ­ буыл болған жерді дұрыс анықтауға, кылмыс іздерін іздеу жұ- мыстарын жеңілдетуге, хаттамада немесе өзге де қүжаттарда та- былған іздерді бекітуге көмегін тигізеді. Ал егер де тонау және қаракшылық кылмыстарын инсценировкалаған деген негіздер болса, жәбірленушіні қарау-тергеу әрекетіне қатыстырмаған жөн, өйткені ол қараудың мән-жайларымен танысып, оларды өз мүддесіне қарай пайдалануы мүмкін. Карау жүргізбес бұрын жәбірленушіден және өз көзімен көрген куәлардан жасалған қылмыс жағдайлары туралы сұрау жүргізу керек. Оқиға болған жерде бұл тұлғалардан сұрау жүргізу аркылы қылмысты ашудағы мәнді детальдарды анык- тау, оларды көрсету, кылмыс жағдайларын түсіндірумен қатар, іс бойынша дәлелдеме ретінде колданылуы мүмкін іздердің си- паты мен орналасқан жерлерін аныктауға мүмкіндік береді. Тонау және қарақшылык шабуылдарын'инсценировкалаған жағдайларда жәбірленуші мен өз көзімен көрген куәдан сұрау жүргізу аркылы олардың білімсіздігі (білмейтіндігі) айқында- лып, бүркемеленген қылмысты ашуға өз септігін тигізеді. Оқиға болған жерді қарау тергеу әрекетін кейінге қалдырыл- май, тез арада жүргізу қажеттілігіне қарамастан, оны бастамас бұрын жәбірленушініңденесіне келтірілген жарақаттың сипа- ты мен төбелес іздері туралы, киімі мен аяқкиімінің жағдайы мен іздері туралы мәліметтер алған жөн болып табылады. Олар- дың ерекшеліктері іздестіру бағытын және іздеуге жататын дәлелдемелердіңсипатын аныктауда ескерілуі мүмкін. Сондық- тан қарауға дайындық кезінде дене жаракаттары мен киімдегі іздерді, ең болмағанда, жалпы түрде қарап шығу кажет. Бұл объектілерді мұқият тексеру караумен катар және караудан кейін жүргізіледі. Жәбірленушінің денесін қарау куәландыру ережелерін сақтай отырып жүзеге асырылады. Тонау және каракшылық шабуылдары болған жсрді караудың нәтижелігі жедел-тергеу тобынын техникалык жағынан камтамасызданды- рылу дәрежесіне тікелей байланысты. Осы қылмыстарды ашу үшін маңызы бар аяктың. колдың, қанның, сілекейдің, микро- 412

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==