Криминалистика

ның бауы, сыртқы киім матасының бөліктері) сақталынып кал- ғандығын анықтау өте маңызды. Тоналған заттардың бағасы (құны) анықталады. Қылмыскердің белгілерін жәбірленушіден мұқият түрде анықтау керек (сыртқы бет келбетінің ерекшелігі, киімі, жүрісі, жекелеген сөздерді айту ерекшеліктері). Жәбірленуші қарсы- лық көрсетгі ме және ол неден көрінеді, қылмыскердің денесіне немесе киіміне кандай да бір зақымдар келтірілді ме деген сұрақ- тар іс үшін маңызды. Кылмыстық топпен жасалған шабуыл кезінде әрбір кылмыскердін рөлі аныкталуы тиіс. Егер жәбірленуші көрсетілген жәбір нәтижесінде ауруханаға емделуге түссе, жауап алуды дыбыс таспасын қолданып, жәбір- ленушінің әр сөзін жазып алу аркылы жүргізген жөн. Бүл жәбір- ленушінің емделуі созылып кетсе немесе жәбірленуші қайтыс болып кетсе, қылмыскерге іздеу салуда маңызды рөл атқарады. Киімді қарау мен жәбірленушіні куәландыру. Тонау және қаракшылық шабуылдары кезінде жәбірленуші мен кылмыс- кер арасында төбелес болуы мүмкін. Төбелес нәтижесінде қыл- мыскер киімінің талшықтары жәбірленушінің киімінде қалуы ықтимал. Олардың табылуы қылмыскерді әшкерелеуде маңыз- ды рөл аткаруы мүмкін, сондыктан жәбірленушінің киімін мүмкіндігінше тезірек тексеруге жіберу керек. Қарау өте күшті үлкейткіштер немесе микроскоптың көмегімен жүргізіледі. Карау кезінде ешнәрсе табылмаса, киімнің сырткы жағын ішке каратып, целлофанға салып, сараптамаға жібереді. Сараптама- да микроталшыктарды арнайы аппараттарды қолдану аркылы іздеу жұмыстары жүргізіледі. Киімді карау кезінде денете келтірілген жарақат қүралдары- ның түрін аныктау мәселесін де ұмытпау керек. Келтірілген жарақаттан калған іздің формасы аркылы кылмыскердің немен қаруланғанын анықтауға болады (пышақпен, үшы қырлы үшкір кайрағышпен, тескішпен және т.б.). Кейде жәбірленушінің киімін карау кезінде қылмыскердің төбелес нәтижесінде алған жаракат іздерін, яғни кан іздерін та- буға болады. Көрінбейтін кан іздерін табу үшін ультракүлгін сәуле колданылады. Егер жәбірленуші соккыға ұшыраған болса, онда ҚІЖК-ң баптарына сәйкес куәландыру жүргізіледі. Куәландыру кезінде жарақат сипаты міндетті түрде іске тіркеліп, масштаб™ фото- суретке түсіру ережесі аркылы суретке түсіріледі. Егер куәлан- 410

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==