Криминалистика
бере алмайтындығьін ескеру керек. Мысалы, шабуыл қылмыс- тыктоппен жасалғанда, жәбірленушіге қылмыскерлер көп бо- лып көрінуі мүмкін. Қылмыс құралдарын сипаттауда қателіктер жиі жіберіледі. Қылмыскердің қолынан көрінген кез келген жылтыраған затты атыс қаруы немесе пышақдеп қабылдау жағ- дайлары жиі кездеседі. Кылмыскерлер тапаншаның орнына ағаш макеттерін, ойыншыктапаншаларын немесе өзге де қаруға ұқсайтын затгарды колданған жағдайларда қателіктер кетуі мүмкін. Мысалы, жәбірленуші қылмыскерлер мылтықпен қару- ланған деп хабарлайды, ал шын мәнінде оның қолында шыбык болған. Мұндай кателіктердің болуы тонау және қарақшылық ша- буылдардың әдетге кешкі уақытта, нашар жарықтану кезінде немесе басқа да кабылдауға колайсыз уақытта жасалатындығы- мен түсіндіріледі. Көп жағдайларда жәбірленуші қылмыскер оған шабуыл жа- салғандығы туралы бірден хабарлайды. Сондыктан алғашқы жауап алу кезінде жәбірленуші өзіне-өзі келе алмайды: жылай- ды, қылмыскердіңдөрекілігіне ашуланады, қоркыныш сезімінде болады, үрланған қүндылықтардың жоғалғанына көне алмай ды, алынған дене жаракаттарынан ауырсынады. Осы психоло- гиялық жағдайды ескере отырып, жәбірленушіні жауап алар алдында жұбату керек, оған қауіптің өткендігін және барлық көңілін болған мән-жайды, әсіресе қылмыскерді іздеу мен әшке- релеуге маңызы бар мән-жайларға аса назар аударып есіне түсіру керектігін түсіндіру қажет. Жәбірленушіден жауап алу барысында келесілер анықтала- ды: тонау немесе каракшылык шабуыл қай уақытта және қай жерде (қала, ауыл, көше) жасалды; жәбірленуші ол жерде кан- дай жағдайлармен жүргендігі және қай жерде шабуылға ұшы- рады; қандай жағдайда ол қылмыскерді көрді, оның артынан біреудің андып келе жатқандығын байқамады ма; қылмыскердің іс-әрекеті кандай болды, құнды заттарды беруді талап етті ме, әлде жұлып алды ма, егер қылмыскерлер бірнешеу болса, онда олардың арасында қандай әңгіме болды, олар бір-бірін аты- жөндері бойынша немесе лақап аттарын атаған жоқ па, кандай заттармен корқытты, бұл заттардың белгілері; қандай затгар тоналды, олардың жекелеген белгілері немесе зауыттық нөмірі қандай еді. Жәбірленушіде тоналған заттар, загтардың қаңдай да бір бөлшектері (сағатгың бауы, жұлып алып кеткен сумка- 409
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==