Криминалистика

келесідей болу керек: ізін суытпай сезіктіні ұстау, жәбірлену- шіден жауап алу, тану үшін көрсету, жәбірленушіні және сезіктіні куәландыру, оқиға болған жерді карау. Жәбірленуші мен өз көзімен көрген-куәлардан жауап алу кезіңде шабуылдың жағдайлары, қылмыскердің ерекше белгі- лері, сонымен қатар, ұрланған заттардың белгілері мен бағасы анықталады. Егер кылмыстық іс кылмыстың жасалу фактісі бойынша қозғалып жатса, онда тергеу әдетте, жәбірленушіден жауап алу- дан, оқиға болған жерді қараудан, киімді қарау және жәбірлену- шіні куәландырудан, жәбірленушіге сот-медициналық сарап- тама тағайындаудан, өз көзімен көрген-куәгерлерден жауап алудан басталады. §3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы Жәбірленуіпіден жауап алу кезінде тонау немесе карақшы- лық шабуыл ол үшін әр уақытта кенеттен болған жағдай екенін ескеру керек. Қарсы алдынан қылмыскерді, әсіресе қарулан- ған қылмыскерді көргенде, жәбірленуші сасқалақтап қалады. Кейбір жәбірленушілер қорқыиыш сезімінен белгілі бір уақытқа есінен танып калады, ал есін жинап бұл жағдайда не істеу керектігін: көмекке шақыру керек пе, қарсылык корсету керек пе, кылмыскерге затты ешбір қарсылықсыз беру керек пе, әлде кашу керек пе екендігін ойлағанша біраз уақыт өтеді, ал бұл уакыт қылмыскердің кажетті құндылықтарды алып жасырын- уына жеткілікті болып табылады. Жәбірленушінің есінсн та ­ нып калуы және өзінің кейінгі әрекетін ойластыруы айналасын- да болып жатқан оқиғаның мән-жағдайларына көңілін жинақ- тап карауға ксдергі жасайды. Сол себептен де, жәбірленуші іс үшін маңызы бар мән-жайларды есінде сақтай алмайды. Бұл психикалық жағдай жауап алу кезінде міндетті түрде ескеріліп, сәйкесінше бағалануы керек. Жәбірленушінің сасқ- адақтау нәтижесінде қылмыскердің ерекше белгілерін, кару түрін және өзге де қылмыс оқиғасының мән-жайларын көре алмауы мүмкін. Сондыктан қанша сұрақ қойылса да нәтижесіз болады. Жәбірленуші инсценировкаланған кылмыстың ұйым- дастырылуында сезікті болып қалуы да мүмкін. Сондықтан да жәбірленушінің көрсетпелеріне баға беруде ол шын мәнінде бсуіған мән-жайды барлык уақытта қабылдап және оны айтып 408

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==