Криминалистика
мыскерлер эр уақытта тонау және қарақшылық шабуылдарын кенеттен жасауға талпынады. Пәтер тұрғындарына немесе күзетшілерге шабуыл жасауда олар үй-жайға кедергісіз кіру мақсатымен өздерін жеке меншік пәтерлер кооперативтерінің (КСК), газ қызметкерлері, энергия жабдықтау, полиция, өрт пен сақтандыру кызметінің өкілі ретінде, жәбірленушінің отбасы мүшесі жұмыс істейтін өнеркәсіптің өкілі ретінде атайды. Егер кылмыс ашык жерлерде жасалынса, шабуыл кенеттен артқы жағынан немесе торуылдан (құрылыстың бұрышынан, бұталар- дан немесе жекелей тұрған ағаштардан) жасалады. Жәбір- ленушіге күдік тудырмай касына келу үшін кылмыскерлер шылым тұтатып алуға, жолды көрсетіп жіберуді немесе өзге де назарын аударатын сұрактарды қояды. Әңгіме басталып кеткен уакытта олар жәбірленушіге жакындап, шабуыл жасайды. Тонау және қарақшылық шабуылдың кұрбандары көбінесе әйелдер немесе мае күйінде болып қарсылык көрсете алмай- тын ер адамдар болады. Тонау және қаракшылық шабуылдарда әдетте теріден жа- салған бұйымдар, бағалы заттар, ақша, хрусталь, суреттер, ан тиквариат™ бұйымдар, тұрмыстык техника және жоғары сұра- ныстағы затгар мен кұндылықтар ұрланады. Әлбетте тонау және қарақшылык шабуылдарын жасайтын тұлғалар алғашкы қылмысы ашылмай калғаннан кейін және жазаланбайтындығын сезінгеннен кейін тұракты топтарға бірі- геді және ұзақ уақыт бойы көрші региондардың аумактарында тонау мен каракшылык шабуылдарын жасайды. Сондыктан тергеушілердің көрші криминалдык полициямен тығыз қарым- қатынаста болуы және осындай кылмыстардың жасалғандығы туралы уақытылы бір-біріне мәлімет беріп отыруы маңызды болып табылады. Осы қылмыстарды тергеу барысында тонау және каракшы лык шабуылдарын инсценировкаланған жағдайлары да кезде- седі. §2. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулар және тергеуді жоспарлау Тонау және каракшылық шабуылдары бойынша кылмыстық іс көбінесе жәбірленушінің өзінің арызымен, ал егер шабуыл кәмелетке толмағандарға немесе әйелдерге карсы жасалса және олар қорқыныш сезімінде болып жасалынған қылмыс туралы 406
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==