Криминалистика

білетін кылмыскерлер басқарады. Көп жағдайларда қылмыскер- лер беттеріне сыртқы белгілерін жәбірленушілер мен куәларға анықтап көруге кедергі келтіретін маскілерді киеді (шүберек, беторамал, көзге арналған тесігі бар шұлықтар), кылмыс жаса- ған орнынла саусақ іздерін қалдыру мүмкіндігін болғызбайтын колғаптарды пайдаланады, қылмыс жасағандарын әшкерелейтін заттай дәлелдемелерді табуды қиындататын арнайы қару-жарақ- тарды немссе ұрланған заттарды сақтайтын жабдықтарды да- йындайды. Дүкен, банк кызметкерлеріне, инкассаторларға шабуыл жа- сауға мұкият дайындалады: кылмыскерлер өнеркәсіптің, меке- менің, ұйымның жүмыстәртібін, инкассаторлардың, кассирдің, банкке акшаны жеке өзі өткізетін сауда орындары кызметкер- лерінің қозғалыс маршрутын байкап зерттейді. Қажетті мәлімет- терді алғаннан кейін олар шабуыл жасау орны мен уакытын, топтың күрамын аныктайды, көлік күралдары мен кару-жарак- тарын дайындайды, кылмыс жасағаннан кейінгі кету жолдарын ойластырады, ұрланған заттарды жасыру үшін орын дайындай ­ ды. Мүндай қылмыстар күндізгі уақытта немесе электрлік жа- ғынан жақсы жарықтанған жерлерде (адамдар көп жүретін көшелерде, ғимаратгарда) жиі жасалатындықтан, өздерін тануға қиындық туғызатын жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Алдын ала егжей-тегжейлі дайындығы жоқ тонау және карақшылык қылмыстары жиі кездеседі. Оларға қылмыстық кол сұғушылык үшін алдын ала белгіленген объектінің болмауы тән болып табылады. Мысалы, кылмыскерлер бірнеше пәтерлерді аралап, коңырау соғады, егер есікті карт адамдар немесе бала- лар ашса, оларға шабуыл жасап (ұрып-соғады, байлайды) кұнды заттарды ұрлайды. Мұндай қылмыстар әдетте күндізгі уакытта, демалыс немесе мейрам күндері, яғни тұрғындардың көпшілігі жұмыста, қала шетінде, пәтерде ешкім болмаған кезде немесе балалар және карт адамдар қалған кезде жасалады. Әдетте, бүл кылмыстарды бас бостандығынан айыру орындарынан енді ғана босап шыққан қылмыскер-кезбелер, сонымен катар баска аудандарда тұратын, яғни танылып қалудан қауіптен-бейтін кез- дейсоқ тұлғалармен жасалынады. Қылмыскерлердің жеке басына сипаттама беретін болсақ, олардың типтік психологиялық портреті - жұмыс жасамайтын, аморальды өмір сүретін, жүйелі түрде алкоголь, есірткі заттар ­ ды қолданатын ер адамдар жатады. Олардың басым көпшілігі бүрын осындай қылмыстар үшін сотталған болып келеді. Қыл- 405

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==