Криминалистика

VI т а р а у ТОНАУ ЖӘНЕ ҚАРАҚШЫЛЫҚ ЖОЛЫМЕН ЖАСАЛҒАН МҮЛІКТІ ТАЛАН-ТАРАЖҒА САЛУДЫ ТЕРГЕУ ӘДІСТЕМЕСІ §1. Тонау және қарақшылык шабуылдарыныц криминалистикалык сипаттамасы Тонау - бұл бөтеннің мүлкін ашық түрде ұрлау, яғни осы мүлікті иемденуші түлғалардың және баска азаматтардың көзінше ұрлау. Мүлік иелері және басқа түлғалардың катысуын ұрлаушы түсінеді, бірақ саналы түрде ескермейді. Қарақшылық - бұл бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамныңөмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау. Тонау мен қарақшылык бір объектіге, яғни меншік иесінің мүліктік құкығына кол сұғу. Қарақшылық кезінде, сонымен қатар қол сұғу объектісі болып, иелігіндегі мүлікті иемдену мақ- сатымен шабуыл жасалатын тұлғалардың өмірі және денсау- лығы табылады. Тонау да, қарақшылық та жай (қарапайым) және сараланған болып бөлінеді. Тонаудың жай формасыңда мүлікті ұрлауда күш қолданбайды. Ал сараланған түрінде күш көрсетумен немесе оны қолданамын деп корқыту әрекетгерін жасауы мүмкін. Алай- да қарақшылықтан айырмашылығы, бұл күш корсету жәбір- ленушінің өмірі мен денсаулығына кауіпті болып табылмайды. Қаракшылыкпен шабуыл жасау кылмыстарының ауырлата- тын жағдайларда жасалуы : адамдар тобының алдын ала сөз бай- ласуы аркылы; кару немесе қару ретінде пайдаланатын заттар- ды қолданумен; тұрғын, қызметтік, өндірістік үй-жайға немесе қоймаға заңсыз кірумен жасалған қаракшылық; ұйымдасқан топпен; денсаулыққа ауыр зиян келтірумен абайсызда жәбір- ленушінің өліміне әкеп соккан қарақшылық. Сонымен катар, қарақшылық аса қауіпті рецидивиспен жасалған және қайта- лап жасалынған қарақшылық, мүлікті ірі мөлшерде ұрлау жа- тады. Заңда аталған тонау мен қарақшылық белгілеріне талдау жасау осы қылмыстарды бір-бірінен ажыратып қарастыруға негіз ғана болмай, сонымен бірге тергеу барысында шешілетін мәселелер шеңберін анықтауға негіз болады. t 402

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==