Криминалистика
әрекеті ұрланған заттардың одан табылуы деректерінің маңы- зыдылығы жойылмайтындай етіп жүргізілуі керек. Егер сезікті бұл заттарды тауып алдым, жалакы ретінде төленді, сыйлық ретінде алдым және т.б. деп айтса, оның көрсетпелері мұқият тексеріледі, ал нәтижелері кейін сезіктіні қылмыс жасағанында әшкерелеу үшін колданылады. Кейбір тергеу ситуацияларында ұрлық істері бойынша ал- ғашкы тергеу әрекеті ретінде тану ушін көрсету жүргізіледі. Мұндай жағдай сезіктіні қылмыс үстінде немесе ұрлық жаса- ғаннан кейін бірден үстағанда болуы мүмкін. Тану үшін осы қылмыс бойынша сезікті деп танылған адам немесе одан табыл- ған заттар мен құндылыктар көрсетілуі мүмкін. Тану үшін көрсетудін мақсаты — ұрлықты осы түлға жасады ма, ұсталған адамда табылған заттар белгілі адамнан немесе белгілі бір объектіден ұрланды ма, осы сұрақтарды аныктау болып табы- лады. Танушылар ретінде жәбірленуші және куәлар қатысты- рылады. Ұрлык істері бойынша кейінгі тергеу әрекетгеріне айыпта- лушыданжауап алу, беттестіру, тергеу эксперимент!, тану үиіін көрсету, сараптама тагайындау және жүргізу, айгақтарды оқига болган жерде тексерумен нақтылау жатады. Ұрлық істері бойынша айыпталушыдан жауап алу кезінде қолданылатын тактикалық әдіс-тәсілдер сезіктіден жауап алу кезіндегі тактикалык әдістермен бірдей болып келеді. А йып тагу кезінде тергеу жүргізушіде айыпталушынын кылмыска кінәлі- лігін дәлелдейтін дәлелдемелердін кажетті көлемі жиналады. Бұлардың әркайсысын дұрыс қолдану, жауап алынушыға тер геу процесінде алынған затгай дәлелдемелер мен құжаттарды ұсынудын ойластырылған тактикасы айыпталушыдан шынайы жауап алуға және іс бойынша объективті шындыққа жетуге көмектеседі. Сондықтан айыпталушыдан жауап алу алдын ала жасалынған жоспар бойынша жүргізілуі кажет. Жоспарда анык- талуға тиіс сұрактар, олардың дұрыс қойылуы және тәртібі көрсетіледі. Жауап алу кезінде тергеушідегі бар дәлелдемелерді қолданудың тактикалык әдістері мен тәсілдеріне көп көңіл бөлінуі керек. Беттестіру айыпталушының, жәбірленушінің, куәлардын корсетпелерінде карама-қайшылықтар болған жағдайда және оларды жою қажеттілігі туындағанда жүргізіледі. Ұрлық істері брйынша жүргізілетін беттестірудің тактикалық әдістері мен 400
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==