Криминалистика
тың жасалғанын көрсететін өзге бір дыбыстарды естіген- естімегені сұрастырылады. Ұрлықты өз көзімен көргендерден өздері куә болған мән-жай- лар және ұрлықты ашу үшін маңызы бар мән-жайлар бойынша жауап алынады. Әсіресе, сезіктінің көзге түсетін белгілерін және олардың болуы мүмкін жерлерін аныктауға ерекше көңіл бөлінеді. Үрланған заттарды сатып алушылардан қай кезде және қандай жағдайларда келісім жүргізілгендігі, ұрланған заттарды сатқан тұлғалардың ерекше белгілері туралы, олардың болуы мүмкін жерлері туралы жауап алынады. Сезіктілерді анықтаған және ұстаған жағдайда бірден жеке тінту жүргізіледі^ сонымен катар, тұрғылықты және жұмыс орны бойынша тінту жүргізіледі. Оның мақсаты - үрланған заттарды, бұзу кұралдарын және үрлык жасауды жеңілдететін кұрал-жабдыктарды; ұрлыкты жасағанын көрсететін құжаттар- ды (тауарға жабыстырылатын қағазды, этикеткаларын, паспорт- тарын) немесе оларды комиссиялық дүкенге тапсырғандығын көрсе-тетін кұжаттарды (квитанция) табу. Тінту кезінде басқа үрлықтың жасалғанын көрсететін заттар мен кұжаттар алына ды. Қылмыскерді іздеу және оның басқа жасаған ұрлықтарын ашу үшін оның жүрген жері туралы айғақ беретін құжаттардың (хат, телеграмма, бандеролдер, тапсырыс және құнды хаттар- дың квитанциясы) маңызы зор. Бұлардың барлығын алып, кыл- мыстык іс материалдарына тіркеу керек. Сезіктіні тінткен кезде баска үрлык жасау кезінде ұрланған заттардың ерекше белгілері туралы мәліметтерді білген жөн, себебі олар тінтілуші адамнан табылуы мүмкін. Сезіктіден жауап алу ол ұсталғаннан кейін және ұстау негізін тексеретін және ұрлыкка катыстылығын көрсететін жағдайлар- ды анықтауға мүмкіндік беретін тінту әрекеттерінен кейін жүргізіледі. Шынайы көрсетпелер алынған жағдайда тергеуші мойындалған фактілер мен жағдайлардың шынайылығын нақты- лайтын мән-жайларға көңіл бөлуі қажет. Үсталған адам олар ды басқа қылмыстарға қатысу фактісін жасыру мақсатында мойындауы мүмкін. Егер сезікті өзінің үрлыкка қатыстылығын мойындамаса, онда одан ұрлық жасалған уақытта кайда болғандығы, оған тиесілі емес заттар қайдан келгендігі, ол өзінін осы қылмыска қатыстылығын көрсететін дәлелдемелерді калай түсіндіретіндігі анықталады. Сезіктіні ұрлык үстінде ұстаған кезде жауап алу 399
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==