Криминалистика
қайда болғандығы, арызданушының өмір салты, оның байла- ныстары, отбасындағы карым-қатынасы және баска да сұрак- тар анықталуы керек. Инсценировкаланған ұрлықты тексеру мақсатында трасоло- гиялық сараптама - бекітуші құрылғыларды бұзу механизмін анықтау үшін тағайындалуы мүмкін. Сонымен катар, тергеу эксперимента жүргізуді жоспарлау керек, оның көмегімен қылмыскер пәтерге есіктегі, қабырғадағы, төбедегі тесіктер ар- кылы кіре алды ма және желкөз, терезедегі торлар арқылы «үрланған» заттарға ұқсас заттарды алып шығара ала ма деген мәселелерді шешуге болады. Үрлық кылмыстарын тергеу барысында кылмыскерлерді және ұрланған затгарды анықтау үшін жедел-аныктамалык және криминалистикалык тіркеулердің қолданылу мүмкінділігін карастыру керек. Мысалы, егер колдың іздері табылса, оларды тіркеудегі колдың іздері бойынша тексеру (ішкі істер органда- рының криминалистикалык бөлімшелерінде) жоспарлануы қажет. Бұл сонымен катар, осы кылмыскерлердің бұрын жаса- ған кылмыстарын ашуға мүмкіндік береді. Бір тұлғамен жаса- лынған кылмыстар бойынша қылмыстық істерді бір өндіріске біріктіру олардың тезірек ашылуына және толык акпарат алуға мүмкіндік туғызады. Егер «нөмірлі заттар» деп аталатын заттар (сағат, магнитофон, радиоқабылдағыш, автокөлік қүралдары), бейнелену өнерінің затгары, әр түрлі коллекция заттары ұрлан- са, оларды сәйкесінше есепке алуды карастыру керек. Бұл ұрлықты ашуды едәуір жеңілдетеді. Үрланған заттарды өткізуі мүмкін жерлерді: ломбард, базар, үсталынған затгар сататын орын, темір жол, автовокзалдар және басқа да объектілер тексеруге қойылуы тиіс. Сезіктілерді қала көліктерінде, парктерде, би аландарында, кинотеатрларда және басқа да қоғамдык орындарда ұстау ша- раларын жоспарлау кезінде қоғамдық мүмкіндіктерін осы мақ- сатқа қалай тиімдірек қоддануға болатыны ойластырылуы қажет. §3. Үрлық істері бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттерініц тактикасы Үрлық істері бойынша алғашкы тергеу әрекетгері рстінде оқиға болған жерді қарау, жәбірленушіден, өз көзімен көрген куәлардан жауап алу, сезіктіні үстау және жауап алу, тінту » 396
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==